Өзіміздікі дәмдірек әрі арзан

Новость на Казах-зерно:

Көкөністер маусымының басталуы Түркістандықтарды арзан баға мен өнімнің түрлілігімен қуантуда. Егер өткен жұмада тұрғындар, жылыжайда өсірілген не Өзбекстаннан әкелінген қызанақтарды қанағат тұтұға мәжбүр болатын. Оның бағасы 600 теңгеден кем болмайтын. Ал қазір оларды орнын Сарыағаштық шаруа қожалықтарының жылыжайларда өсірілген қызанақтар басуда, келісін 300-280 теңгеге алуға болады. Ал дәмі жағынан өзбександық.

Жас картоптардың бағасы да қол жетімдірек болды. Өткен аптада келісінің бағасы – 400 теңгеге жейін жетсе, енді – 190 теңгеге алуға болады. Өткен жылдың өнімнің келісін 70 теңгеге дейін алуға болады.

Осы мерзім ішінде үгіршіктердің бағасы 300-ден 150 теңгеге дейін төмендеген. Басты пияздың келісін 55-50 теңгеге алуға болады. Айта кету керек, облыстың тас жолдарында жергілікті диқандар бұл өнімнің барлығын, базардың бағаларымен салыстырғанда 30-50 теңгеге арзанырақ сатады.

Ал еттің бағасы керісінше көтерілді. Орташа есеппен алғанда келісіне 100 теңгеге қымбаттаған. Мысалы: сиыр еті 1600-ден 1900 теңгеге дейін, жылқы еті 1800 ден 2000 теңгеге дейін, қой еті келісіне 1800-1900 теңге. Тұтұнушылардың сөзінше, Рамазан айында етке деген сұраныстың артуының нәтижесінде баға өсті дейді.

Окрошканы жақсы көретіндер, көк жуа, аскөк пен шалғамның (бір байлам үшін 50-70 теңге  арзандағанына қуанған болу керек. Айранның бағасы да қымбат емес (180-200 тг литр үшін).

Ал құлпынайдан тосап дайындау үшін облыс тұрғындары шығынға бататын сияқты. Себебі, тікелей алқаптардан құлпынайды 300-400 теңгеге, ал базарларда 650-550 теңгеге алуға болады. Қанттың келісі 280 теңге.

Өңірде дәстүрлі саналатын палауды дайындау да арзанға шықпайды: 1,5 л сұйық май – 450-470 теңге, күріштің бағасы сұрыпына қарай 230-350 теңгенің арасында.

Нан-тоқаш, макарон өнімдеріне деген баға әзірше бірқалыпты. Түркістан облысында бір бөлке бірінші сұрыптағы  нанның бағасы – 60 теңге, «Султан» және «Мадина» сауда маркаларының макарон өнімдері келісіне – 200 теңге көлемінде.


Ирина Притула


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу