Өзімідің құрғақ сүтіміз болады

Новость на Казах-зерно:

Түркістан облысы Арыс қаласында «Казына-Жер LTD» ЖШС сүт-тауар фермасының базасында құрғақ сүт өндірісі құрылмақ.

Қазіргі таңда жоба дайындық үстінде, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Жұмысын бес жыл бұрын бастаған кәсіпорын, сапалы өнімінің арқасында танымал. Осы уақыты ішінде «Гольштейн фриз» тұқымындағы канадалық ірі қараның саны 383 тен 1300 басқа дейін өсті. Бар жоғы 3 сауыншы қызмет атөарады. Бұған себеп Германиядан әкелінген автоматтандырылған сауу құрылғылары.

Канадалық ірі қараның жергіліктен айырмашылығы жайылым жерлерді қажет етпейді. Олар үнемі фермада болады.Күнделікті сауу 3 мың литрге дейін жетеді, бір сиырдан шамамен 20, литр сүт суылады.

Сүт-тауар фермасы «Индустриализация картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Жоба құны – 220 миллион теңге. Кәсіпорындағы инфроқұрылмдардың барлығы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы алынды.  

Өндіріс ошағының қуаттылығы – жылына 5 мың 200 тонна сүт.


Ирина Притула


автормен хабарласу:
k[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу