Жыл сайын Түркістан облысында миллиондаған теңгенің қой жүніжанып кетеді

Новость на Казах-зерно:

«Миллиондарды жандырып жатқандардың қатарында мен бармын. Алты мың қойым бар, 12 мың тонна жүнді жылына қырқамын. Оны қайда жіберемін? Ешқайда, сондықтан жағып жіберемін», – дейді Ордабасы ауданындағы «Сералы» ШҚ басшысы С. Абжанов.

Сералының сөзінше, қойлардың жүнін қырқу үшін 900 мың теңге жұмсайды. Әрбір қой үшін 150 теңгеден төлйеді. Ал, қырқылған жөнді тіпті жарты бағасына ешкім алғысы жоқ. Түркістан облысының шаруаларында, қылшық жүн мен меринос жүні бар. Түктің қалыңдығы 18 микрон, бұған қарамастан түк қатты болып келеді. Жұп-жұқа жіп болады, кейін оны өңдеп киім тігуге болады. Бір мериностан қырқылған жүн 4,2 кг-дан көп болады. Мериностан иірілген жіп бірегей. 90-ы жалдары шымкент пен Жамбыл облысында биязы жүнді қойлардың 20 пайызы мериностар болатын. Қазіргі таңда биязы жүнді қойларды 28 шаруа қожалығы ғана өсіреді. Оның ішінде мериностардың саны 25 мың басқа жақын. Олардың жүнін қайта өңдейтін өндіріс орындары сатып алады. Сұраныс болғандықтан, басқа да шаруалар қылшық жүнді қойларды мериностармен алмастыруына болар еді. Бірақ, өңірдің климаты ыңғайсыз. Сондықтан оларды көбіне Қазығұрт, Түлкібас ауданының шаруалары айналысады. Ол жақтың климаты ыңғайлы, ал шөбі қалың. Мамандардың сөзінше, қылшық жүнге сұраныс мүлде жоқ. Тазартылған күйінде келісіне тек 40-50 теңгеден ғана сатып алады. Ал, бір жүнді қырқуға 150 теңге кететінін ескерсек, шығындарды мүлде жаппайды. Жүнді сақтаудың да қажеті жоқ, себебі, күйе көбелектер пайда болады. Сондықтан ең оңайы жүнді жойып жіберу. 2000 жылдардың басында Шымкенттен қылшық жүнді өңдейтін зауыт іске қосылған болатын.

Бірақ, нарықта тұрақтана алмады. Шардарада маусымына 15-20 тонна қылшық жүнді өңдейтін цех он жылдан бері жұмыс істейді.

Цех киіз үйге арналған киіз жасайды. Өндіріс орнындағы техника ескірген, оны басқа мекеменің жабылауынан кейін сатып алған екен.   


Ирина Притула


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу