Жыл басынан бері Қазақстанда көкністер 38%, нан- 7%, ет- 2% қымбаттаған

Новость на Казах-зерно:

Биылғы жылдың 4 айы ішінде азық-түлік өнімдері 4,8%, азық-түлік емес тауарлар -1,3%, ақылы қызмет түрлері- 1,2% көтерілді, деп хабарлайды ҚР ұлттық экономика Министрлігі статистика Комитеті.

Статистика мамандарының мәліметінше, жыл басынан бері көкөністердің бағасы- 38,5%, ұн- 10,3%, нан- 7,2%, хабарлайды  «Казах-Зерно» АА

Төрт айдың ішінде күріш – 6,2%, макарон өнімдері балық пен балмұздақтың бағасы-,4%, жеміс-жидек пен мәйек ірімшіктері –  3,6%, қойдың еті -3,5%, нан-бөлішке өнімдері- 3,4%, шұжық өнімдері – 3,2%, ет өнімдері – 2,8%, сары май, құс етінің бағасы- 2,7%, шошқа еті- 2,5%, шай- 2,4%, кондитерлік өнімдер- 2,3%, жылқы еті- 2,2%, сүттің бағасы- 1,9% көтерілді.

Темеке бұйымдарының бағасы – 4,9%, салқын сулар – 3,8%, алкогольді ішімдіктердің бағасы -3,5% қымбаттады.

Төрт айдың ішінде сүзбенің бағасы- 1,5%, қарақұмық жармасы- 1,4%, жұмыртқаның бағасы -0,7% төмендеген.

Бензиннің бағасы – 3,7%, дизель отынының бағасы- 1,5% арзандаған.


Елена Шаерман


автормен xабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу