Жер мен адамдар – «Ауыл – ел бесігі»

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының жерлері барлық жағынан құнды. Оларды асыра айтпағанда, ауыл – бесігі деуге болады және оны сақтау мақсатында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шықты. Табиғат бұл аймақ бұрышына жомарттылықпен сыйлық берген, сондықтан оны екінші Швейцария деп атайды. Жер тек жоғары бонитет ұпайымен ғана емес, сонымен бірге сирек кездесетін рудалармен – никель-кобальтпен (ТМД-да ғана, Ресейде және Норильск қаласында) және титан-магнетитпен танымал. Табиғи қоймада әктастан көмірге дейін көптеген минералдар бар. Бірақ кен орындары өз уақытын және жергілікті атқарушы билік пен тұрғындар – инвесторлар мен жаңа жұмыс орындарын күтіп тұрғанша, табиғат аудан экономикасына өзі жұмыс істей бастады. Атап айтқанда, баламалы энергия көздері.

Даулды желдің қауіптілігін тиімділікке айналдыруға БҰҰ-ның жобасы көмектесті. Жақында жел жай соғып қана қоймай, пайдасын тигізетін болады, деп жазады «КазахЗерно.kz» тілшісі. «Кемпірсай» қосалқы станциясынан 10 км қашықтықта итальяндық «Eni» мұнай-газ компаниясы «General Electric» компаниясымен бірігіп (бас мердігер – «BI GROUP» корпорациясы) жылына 48 МВт қуаттылығымен жел электр станциясын тұрғызбақшы. Инвестиция көлемі 33 миллиард теңгені құрайды.

– Баламалы энергетиканы дамыту жобасы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосады. Тікелей біздің ауданымызда әсері көбірек болады және бұл жай сөздер емес. Инвестициялардың арқасында «Бадамша» ауылдық округінің аумағы қарқынды дами бастады, дейді облыс әкімі Асқар Жүсібалиев. – Тәжірибе көрсеткендей, трансұлттық компаниялармен бірге инвестициялар ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиялар мен инновациялар да келеді. «Бадамша» жобасы экологиялық жағдайға оң әсерін тигізіп, аймақта жасыл энергияны дамытуға ықпал етеді.

Жүсібалиевтің айтуынша, 300 адамға жұмыс орны пайда болады, оның 130 – жергілікті тұрғындар санынан. Жатақхана мен асхананы салужұмыстары да аяқталды. Аталған жобадан инвестициялар түрінде аудан бюджетіне 1 миллиард 800 миллион теңге түседі, қазіргі уақытта 583 миллион қаржы түсті.

Сегіз айда инвестициялар түрінде 3,5 миллиард теңгеден астам қаражат тартылды. Жыл аяғында көрсеткіштерді 6 миллиардқа жеткізу жоспарлануда, аудандық бюджетке 322 миллион 700 мың теңге болжамымен 467 миллион 600 мың теңге түсті (болжам 145% орындалды, өсім – 106%).

Жердің құнарлығын осы жылдың қиын жағдайында аудан шаруашылықтарының әр гектардан орта есеппен 7,7 центнерден өнім алғанымен айқындалады. Ол облысқа қарағанда, 2 есе көп (5,7).

«Диленд» ЖШС (Велиховский ауылдық округі) өнімділігі, облыстың мол астық беретін – Әйтеке би ауданының өнімділігмен (1,5-2 ц/га) салыстырғанда, әсерлі болып келеді: 8,5-9 ц/га бидай, 8 ц. арпа, 6, 5 ц. – тары.

Алайда 25 мың гектар құнарлығы жоғары жер (Велиховка, Эрзурум, Ақжайық, Жосалы) екенін ескере отыра, жақсы нәтиже күтілуде, бірақ жер құнарлығы олардан төмен емес аграрийлер қандай-да бір себептермен мұндай өнімділікпен мақтана алмайды.

– Әрине, бнитет ұпайы бізге көмектескенімен, аграрлық техниканы сақтамаса, жер бізге жақсы өнімділік бермейтін еді. Арамшөптермен күресу,жерді парға қалдыру, тұқымның 3-ші кластан төмен болмауы, керекті мерзімдерді сақтау – мұның бәрі 50 пайыздық табыс және жақсы өнімділік кепілі екеніне «Диленд» ЖШС басқарушы директоры Қайрат Мусин сенімді. – Әрине, жаңа технологиялардың еңгізілуі мен заманауи жабдықтарды қолдану, өз әсерін тигізеді.

Биылғы жылы біз лизингке «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның арқасында 470 ат күші бар «Джон Дир» тракторын сатып алдық. Трактор қарапайым емес – ол ұшқышсыз IT-технологиялар арқылы оператормен басқарылады.

Шаруашылық механизаторлары (барлығы ЖШС-де 80 адам) бүгінгі күнде әлемдік өндірушілердің ең озық ауылшаруашылық техникасымен жұмыс істейді.

«Біздің ЖШС-нің меншігіндегі техникасы сияқты, атап айтқанда 7 толық жетекті тегерікті канадалық агрегаттар және АҚШ-тың 17 астық жинау комбайны, Батыс Қазақстанда ешкімде жоқ», – деп, аудан әкімі мақтанышпен ерекше көңіл аударды.

Қайрат Мусиннің айтуынша, ЖШС жарма, бұршақ тұқымдас (нұт) және майлы дақылдар (зығыр, күнбағыс) егеді. Алқаптардан жиналған барлық өнім дереу астық жеңінде – үш қабатты полимер қаптарға сақтауға жіберілді. Біздің аймаққа тән емес, ыдыстарды астықпен арнайы астық буу машинасы толтырады. Барлық тұқымдар 3 класқа жатады.

– «Қаңтардан тамызға дейін ауылшаруашылық салалары 10 миллиард 276 миллион теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл 103 пайызға көбірек», – дейді аудан әкімі. – Қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенде 22 – ЖШС-гі, 14 – ӘКК-рі және 178 шаруа және фермер қожалығы жұмыс істейді.

Ауданның жалпы егіс алаңы 163,3 мың га құрайды: 18,9 мың көпжылдық жемшөп дақылдары, 144,4 мың дән мен бақша дақылдары. Оның ішінде дәнді дақылдарға – 115,4 мың га, майлы дақылдарға – 3,8 мың га, картопқа – 1000, көкөністер мен бақша дақылдарына – 570, жемшөпке – 24,4 мың.

Суармалы жер 6 мың 694 га. 5 мың 652 га шаруашылық субъектілеріне, қалған 1041 га жер үйлерінің иелеріне берілді. 6,072 га жерге картоп, көкөніс, бақша, жемшөп және дәнді дақылдар өсіріледі. 622 га – пар астында.

Петропавловка ауылының аумағында Желтау ауылдық округіндегі «Алма» шаруа қожалығында, 12 жұмысшы, жоғары сапасының арқасында тұтынушылардың сұранысына ие болған картоп (24 га), орамжапырақ (12 га), қызылша (12 га) және сәбіз (5 га) өсіреді. Барлық әрекеттер механикаландырылғандықтан, адамдар жеткілікті. Өнімдерді өткізуде қиындықтар жоқ. Тұрақты серіктестер – «Дина», «Анвар», «Табыс» коммуналдық базарлар мен мейрамханалар өнімдерді асыға сатып алады. 400 тоннаға сыйымдылығы бар көкөністер қоймасына, тұқымдары толтырылады.

Ауданда суару жүйелерін қайта құру фермерлер үшін үлкен қолдау болды. Бірақ, ШҚ-ғы басшысы Сергей Дегтяренконың айтуынша көптеген фермерлер, суарудан бас тартты. «Алма» құрылтайшылары – Александр Белозеров, Виктор және Сергей Дегтяренко тағы 200 гектар суармалы жер игергілері келеді, бүгінгі күні олар 87 гектар жерді суарады.

«Бізді алқаптарымыздың екінші жағындағы жаңа алаңға апаратын жолдың салынуын армандаймыз», – дейді Сергей Дегтяренко. «Жер демалу үшін, оларды ауыстырып отыру керек. Ауыспалы егіс танабы аурулар мен арамшөптерден арылу үшін жақсы. Біз көкөністерді сорғысыз суарып отырсақ та, нәтиже бар.

Алайда барлық шаруалар сияқты, жанар-жағар май мен гербицидтердің бағасы баяу, бірақ сөзсіз өсіп жатқандығына фермерлер алаңдаушылық білдіруде. Әрине, мемлекет тыңайтқыштар мен гербицидтерді сатып алу шығындарын субсидиялайды, бірақ «Престиж» сияқты ең танымал және тиімді қымбат улағыштың шығындары өтелмейді.

Жалпы ауданда 499 мың га жер бар: соның 346 мың га ауыл шаруашылығының алқаптары (егістік – 135,6, кен орындары – 16,6, жайылымдар – 184,7). Көптеген жылдар бойы жердің қымбат гектарлары ның жетіспеуіне қарамастан, көптеген жерлер мақсатына сай пайдаланылмады. Соның бір мысалы – Әлімбетов ауылдық округіндегі «Саха» ЖШС-нің жері.

Сонымен, биыл 1074 гектар аудандық жер қорына қайтарылды: тыңайған жерлер – 488 гектар, жайылымдар – 555 гектар. 2018 жылы 6,400 га қайтарылды: 3000 га тыңайған жерлер және 5,885 га қолданысқа берілді.

– Жеке тұрғын үй салу үшін 300 жер телімдерін беру және игеру жұмыстары жалғасуда. Көптеген тұрғын үйлерді Петропавловка, Шәмші Қалдаяқов және Бадамша ауылдарында салу жоспарланған – дейді Асқар Жүсібалиев. – Қаңтардан тамыз айына дейін 6387 шаршы метр пайдалануға берілді, тұрғын үй салынуы өткен жылдағы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 220 пайызға артық. Алдағы жоспарға 5 қабатты 60 пәтерлі және 2 қабатты 8 пәтерлі жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы кіреді. Сндай- ақ, жобалық-сметалық құжаттамасы дайын.

Қазір ауданның әкімшілік орталығында құны 265 миллион теңгеге ФДК салынуда. Құрылыс жылдың соңына дейін аяқталуы күтілуде.

Салтанатты түрде ашылуына Облыс әкімі қатысқан Бадамшадағы орталық саябақ, тұрғындар мен қонақтардың сүйікті орнына айналды.

Сондай-ақ, аудан орталығында 300 орынды жаңа мектеп пен 70 орынды интернат салынуда. Бадамшының 14 көшесінің су құбырларын қалпына келтіруге 265 млн 440 мың теңге бөлінді.

Қосестек ауылында мәдениет үйі салынуда.

Айтпақшы, өткен аптада Қосестекте Сарқа батырға арналған ескерткіш ашылды. Кешен аудан мен аймақтың туристік картасының тағы бір тарихи маңызды және мәдени объектісіне айналуы мүмкін.

Ішкі туризм – бұл ауданның және аймақтың қуатты, бірақ, өкінішке орай, пайдаланылмаған әлеуетінің бірі. Мұндағы табиғат өте көрікті, «Эбейта» қорықты аймақтың өзі де керемет. Мұнда жыл мезгілдері анық көрініске ие. Туристік агенттіктердің айтуынша, шетелдік туристерге керегі осы. Бірақ инфрақұрылымның жоқтығы олардың бар ниетін жоққа шығарады.

Инфрақұрылымды таулы аймаққа жеткізу «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында да қолдан келмейді. Әдеттегідей, бәрі тек қаржыға ғана емес, жағдай мен мүмкіндіктерге де байланысты.

Шетелдік және Қазақстандық туристерге көрсететін ғажайыптпр да бар. Ақтөбе – Орск халықаралық автомагистральынан біраз қашықтықта, Мұғожар тауларының шоқыларының арасында, Қарғалы су қоймасының жанында мешіт және ортағасырлық ескерткіштер тобына жататын Абат Байтақ-Қызыл-Там бар.

Замандастар үшін бұл қасиетті орындар, тарих ғылымдарының докторы, Қ.Жұбанов атындағы АМУ-нің профессоры Рахым Бекназаровтың пікірінше, Досжан Ишанның досы және одақтасы Нұрпейіс Хазреттің (Нұрпеке Хазрет Ишан) өмірімен және діни-ағартушылық қызметімен байланысты. Ол өзінің ағартушылық қызметімен және қазақтарды отырықшы өмір салтын ұстануға шақырумен танымал болған.


Ляззат Егибаева

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу