Жемш-ппен жанар-жағармайдың қымбаттауынан еттің бағасы өсіп кетті

Новость на Казах-зерно:

2019 жылдың басынан бері Қызылорда облысында еттің бағасы 150-400 теңгеге өсіп кетті. Бағаның өсуіне жемшөппен ЖЖМ қымбаттауы себеп болып отыр, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

– Біз қойдың етін 1450 теңгеге сатамыз. Жыл басынан бері ЖЖМ, коммуналдық қызмет түрлері, жемшөп өндіруге қажетті шикізаттың бағасы қымбаттады. Бірақ біз бағаны бірқалыпты ұстадық. Жемшөптің бағасы 20 пайызға қымбаттады, ал біз еттің бағасына 150 теңге қостық. Өткен жылы сақтап қйоған жемшөптеріміз бітті, сондықтан бағаны бірқалып ұстай алмаймыз, – дейді «Ақ-барыс» ЖШС басшысы Ерболат Рсалин.

Алайда, Қызылордадағы  «Айт-Бек» базарындағы сатушылардың сөзінше еттің бағасы соңғы рет 2018 жылыдң басында көтерілген екен.

– Базарда шеттен әкелетін ет көп болғанда баға бірқалыпты болады. Өнімнің бағасы орын жалдаудан, тоңазытқыш, етті щабу, өлшеу, ветеринарлық тексерістерден құралады. Себебі, күніне 2000 теңге жұмсаймыз. Етке деген көтерме баға көтеріледі, сондықтан біз де бағаны көтеруімізге тура келеді, – дейді ет сатушысы Алия Бекжанова.

Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, шаруалардың бағасы қатты көтерілген жоқ, бағаның өсуіне сатып алушылар кінәлі. Өнімді өндіретін шаруалар шағын болғанға дейін жағдай осылай болады деп отыр. Ал, ет өндіретін үлкен шаруашылықтар пайда болса, баға тұрақтанады. Жемшөптік базаны да дамыту қажет.

– Биылғы егістік науқанында мақсары, жоңышқа, жаздық бидай, жүгері мен астық пен тарының көлемі 4 мың га артты. Сондықтан уақты өте жемшөптік базаға қатысты мәселе шешілетін болады.


Мира Жакибаева


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу