Жамбылдық шаруа қожалықтары ірі қараның басын 42,3 мыңға дейін көбейтті

Новость на Казах-зерно:

Статистика департаментінің мәліметінше,  қаңтар-мамыр айларында Жамбыл облысында  ауыл, орман, балық шаруашылықтарынан түскен жалпы ішкі өнімнің көлемі 43 млрд теңгені құрайды, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Шаруашылықтың барлық категорияларынан союға 40 мың тонна ірі қара мен қүұс өткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 102,3% құрап отыр.

«Сүт сауудың жалпы ішкі көлемі  3,7 мың тоннаға көбейіп (3,5%) 110,2 мың тоннаны құрады. Жұмыртқа өндіру өткен жылмен салыстырғанда 3532,3 мың данаға көбейді (8,4%). 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында бір сиырдан орташа есеппен 954 кг сүт өндірілді,  бір тауықтан орташа есеппен жұмыртқаның 66 данасы алынды», – дейді статистика мамандары.

2019 жылдың 1 маусымына дейін облыстың шаруа қожалықтарындағы мал басының саны 42,3 мыңға  артқан екен. Бұнымен қоса қой мен ешкілердің саны 194 мыңға, жылқылардың басы 12,2 мыңға, шошқалардың саны 6,4 мың басқа және құстардың саны 94,1 мыңға артты.

Қаңтар-мамыр айларының аралығында облыс бойынша 102,3 мың бас бұзау, 1148,3 мың бас қозы мен лақ, 14,7 мың бас торай, 30,8 мың бас құлын алынды. 

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстың шаруа қожалықтарына ірі қара малдың 97-і (61% өткен жылмен салыстырғанда), 2873 – қой мен ешкі арам өлді (2,3 есе).

Мал шаруашылығында өндірілетін өнімнің жартысы жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі. Бұл шаруа қожалықтарында еттің 58,8%,  сүттің 73,9%, жұмыртқаның 43,5% өндірілді.

2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында ауыл, орман, балық шаруашылықтарынан түскен жалпы ішкі өнімнің көлемі 42977,5 млн. теңгені құрап отыр.


Ольга Миллер


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу