Қызылордалық күріш өсірушілер бағаның көтерілуін күтуде

2018 жылы аршылмаған күріштың бағасы бір килограмм үшін 70 теңге болды. 2019 жылдың басынан бері күріш өндірісінің барлық құраушылары қымбаттады. Сондықтан, күріш өсірушілер егін ору басталғаннан кейін  баға кем дегенде 80-90 теңгеге өседі, деп үміттенеді. Мамыр айының басында республикада күріш бағасы көтерілді. Баға күріштің қоймасы, Қызылорда қаласында да көтерілді, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі. Егер, бұрын бір килограмм күріш 180-200 теңге болса, қазір базарлар мен дүкендерде 300-320 теңгеден сатылады.

– Күрішті жинау басталғаннан бері бағаның төмендеуі күтілуде, – дейді Қызылорда облысы күріш өндірушілер мен өңдеушілер қауымдастығының президенті Абзал Ералиев. – Жаппай жинау қыркүйек айының басында басталады. Күріш бағасы шамамен 100 теңгеге арзан болады деп күтілуде.  Өйткені, мұндай өсу және төмендеу жыл сайын маусымаралық кезеңде болады және жаңа өнімге дейін созылады, ал бұл жылына шамамен 3-4 ай.

Сонымен қатар, күріш өндіру шығындары өсуде.  Осыдан бірнеше жыл бұрын 1 гектар жерге 120-150 мың теңге салу керек болатын. Қазір, бұл сан екі есе өсті.

– Бұл, өндірістің барлық құрамдас бөліктері қымбаттағандықтан, – дейді Жалағаш ауданының «Байтабын»ЖШС директоры Сапарбек мыханов. – Бұл қызметкерлердің жалақысы, тұқым, жанар-жағар май, тыңайтқыш, гербицидтер сатып алу, техника, лизинг және т.б. қосалқы бөлшектерді жөндеу және сатып алу. Күрішті жинау, өңдеу және сатқаннан кейін шығындардың орнын толтыру үшін, гектардан 50 центнерден кем емес, орташа өнімділікке қол жеткізу қажет. Менің шаруашылығымда   65-тен жоғары жинауымыз керек. Біз жыл сайын қымбат техниканы сатып алып, өсірудің барлық қажетті технологияларын жүргіземіз, жалақыны көбейтеміз.

Өз күріш өңдеу зауыттары бар адамдар, көп жағдайда күрішті өңдегеннен кейін қалған қалдықтарды да сатып ,пайда түсіреді. Бірақ, барлық шаруашылықтардың күріш өңдеуге мүмкіндіктері жоқ.

Қызылорда облысының күріш өндірушілер мен өңдеушілер қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2018 жылы Қызылорда күрішінің басым бөлігін Өзбекстан сатып алды. Өйткені, сол кезде болжанғандай, судың аздығы  салдарынан көршіміз күріш егісін 162-ден 94 мың гектарға дейін қысқартты. Ал, Өзбекстанда күрішті жылына бір адамға санағанда 30-35 килограмм кетеді, бұл Қазақстанға қарағанда 5 есе жоғары. Ресей 2018 жылы 1 миллион тоннадан аз өнім жинады. Оларға біздің күрішті сатып алуға тура келді. 2018 жылдың соңында, қызылордалық күріш өсірушілерге экспортты ұлғайтуға мүмкіндік берді.


Мира Жакибаева

автормен хабарласу: [email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу