Екі күн бұрын Қызылорда сауда орындарында шошқа мен сиыр еті қымбаттады, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі.
«Өткен аптада шошқа етінің келісін 1500 теңгеден сатып алдық, ал қазір 1700-ге жетіп отыр», – дейді қызылордалық Ирина Черняева. – Сиыр етін қарадым, қазірдің өзінде келісі 1800 теңгеден сатылуда, ол жақын күндермен салыстырғанда 100 теңгеге қымбат.
Облыстық ауылшаруашылық басқармасының азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Ерхан Ағыбаевтың айтуынша, фермерлерден сатып алу бағасы едәуір көтерілген жоқ, қайта сатушылар өздерінің бағасын қояды. Әзірге негізгі өндіруші тек кішкентай фермер болғанша, солай болып қалады.
Бірақ облыста сиыр етінің келісін 1500 теңгеден аспайтын бағамен сатылатын әлеуметтік дүкендер бар. Бұл ірі шаруа қожалықтарының сауда орындары – «Сыр маржаны», «Шаган –жер», «Ак-барыс» ЖШС.
«2019 жылдың басынан бастап коммуналдық қызметтер мен жем бағасының қымбат болуына байланысты, сиыр етінің бағасын екі есеге қымбаттатық, қазір оның бір келісі 1500 теңге, жылқы еті – 1800 теңге», – дейді «Ақ Барыс» ЖШС басшысы Ерболат Рсалин. – Барлық азық-түлік тауарларының бағасы жыл сайын өсіп келе жатқандықтан қымбаттап барады. Біздің бағаларымыз қол жетімді болғанымен, бұдан әрі не болатынын білмейміз.
Мира Жакибаева
с автором можно связаться по адресу:
[email protected]