Қызылорда облысында күріш, қант пен көкөністің бағасы қымбаттап кетті

Новость на Казах-зерно:

Күріштің бағасы екі есе көтеріліп кетті. Қазіргі кезде жергілікті базарлардағы баға 300-350 теңгені құрайды. Бұндай жағдай жылда болатынын алға тартқан жергілікті шенеуіктер, алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

– Өңірде 15 әлеуметтік дүкен бар, олардағы баға бір қалыпты.Күріштің қымбаттауына қоймадағы сақталып қалған өнімнің азаюымен байланысты. Қанттың қымбаттауына тосап маусымының басталауымен байланысты. Ал көкөністер биылғы өнім болғандықтан бағасы қымбаттады. Жаздың соңына қарай бағалар бірқалыпты болады, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.

Әзірше «Байконур» АӨК әлеуметтік дүкендеріндегі бағалар бірқалыпты. Күріштің бағасы 180 теңге. Бұл жерде 11 мың тонна күріш егіледі. Керек болған жағдайда жергілікті өндірушілерден сатып аламыз, – дейді.

Барлық 19 өнім түрі бойынша қор бар. Ұнның 1 сұрпы келісі 82 теңге, бұл басқа дүкендермен салыстырғанда 17 теңгеге арзан. «Ажар», «Анвар» – 238-280 теңге,ал «Сыбага» базарында 300-350 теңгеден саудаланады.  

Қазіргі кезде облыс бойынша жиі ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өткізіліп отырады. Облыстың тұрақтандыру қорында 40 тонна картоп, 40 тонна пияз, 20 тонна сәбіз бен 5 тонна асқабақ бар. Картоптың бағасы келісіне 90 теңге, сәбіз – 150 теңге, пияз – 110 теңге. Қант пен күріш бір қолға 5 кгдан көп берілмейді.

Облыс бойынша 62 жылыжай бар, 8 га жерде орналасқан. 2019 жылы Қызылордада 2 га жерді құрайтын автоматтандырылған жылыжай іске қосылады.


Мира Жакибаева


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу