Қызылорда облысында ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттау 8,4 % төмендеді

Новость на Казах-зерно:

2019 жылдың 1 мамырыны дейін Қызылорда облысынан экспортқа 29 мың тонна ауыл шаруашылық өнімдері жіберліді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға аз. Экспорттың төмендеуіне, өткен жылдың 4 тоқсанында күрішке деген сұраныстың артуымен байланысты.

– 2018 жылы біз 500 тонна өнім өндірдік. Өткен жылы Өзбекстан судың аздығынан күріш егуді 162 мыңнан 94 мың га дейін қысқартты, Ресейде де өнім аз болды. Сондықтан 2018 жылы қызылорданың күріші сұранысқа ие болды да, экспорттың көлемі өсіп кетті, – дейді Күрішті өсіру және қайта өңдеу ассоциациясының президенті Абзал Ералиев.

Облыста күріш өсіру 1920 жылдан бастап егіліп келеді. Осы уақыты ішінде үлкен тәжірибе жиналды. Мемлекеттік субсидиялары арқасында, облыстың аграрилері мықты инфроқұрылым құрды. Мәселен 2018 жылы облыстың күріш өсірушілері «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 6 млрдқа жаңа техника сатып алды. Соңғы 5 жылда шаруалар тек жоғарғы репродукциялы дақылдарды қолданады. Биылғы егістік науқанына 23 мың тонна жоғарғы сапалы элиталы дақылдар егілді. Көбіне күріш өсірушілер «Лидер», «Янтарь»,  «Маржан», «Новатор», «Фаворит», «Лазурный». «КазНИИР-5», «КазНИИР-6», «Ай Сауле» сұрыптарын қолданады. Қызылордалық күріштің экспортталуы бойынша соңғы жаңалықтары – Иранға экспортқа 500 тонна өнім жіберу. 2016 жылы шаруалар бизнес-форумға қатысып қой еті мен күрішті экспорттау бойынша келісімге отырып келген. Қармақшы ауданындағы «Актобе и К» ЖШС барғаннан кейін ирандық «Таром Хошими» сұрпымен тәжірибе өткізген. Келісім-шартқа сай күрішті өсіріп қайта Иранға жәберу керек. 2017 жылы оны 2 га жерге, ал 2018 жылы 100 га жерге екті. Иранға алғашқы 60 тоннаны 2018 жылдың желтоқсанында жіберді. Биылғы жылға жоспар 500 тонна жіберу болып табылады. Келінің бағасы шамамен 810 теңге.


Мира Жакибаева


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу