Ветеринарлық қызметкерлер қайда екен?

Новость на Казах-зерно:

Биылғы жылы Ақтөбе облыстық жоғарғы ауыл шаруашылық колледжінен 42 ветеринар-фельдшер мен 17 зоотехник түлеп шығады. Бірақ бұл қажетті мамандардың санын  толтыру үшін жеткіліксіз,- дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі. Бүгінде ауданда 4 мың ауыл шаруашылық құрылымдары бар. Олардың біразында маман тапшы. Қажетті қызметкерлерін табу үшін олар бос орындар жәрмеңкесіне арнайы келген.

20 маусым «Атамекен» КП колледж түлектері мен жұмыс берушілерге арнайы кездесу ұйымдастырды.

– Біздің мақсатымыз түлектерге жұмыс орнын тауып беру. Себебі, көбі қайда әрі кім болып жұмыс істейтіндерін әлі күнге дейін білмейді, – дейді «Атамекен» РКП АӨК бөлім басшысы Сағынғазы Құрманалин.

Мамандардың сөзінше, фермерлік серіктестіктер, шаруа қожалықтары, мал шаруашылық комплекстері келіп отыр. Себебі, оларда маман тапшы.

– АӨК ветеринарларсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан олар ауылда жерлерде өте қажет. Сондықтан шаруа қожалықтары мамандардың барлық жағдайын жасаулары тиіс, – дейді олар.

Мемлекеттік қызметкерлер түлектерге «Дипломмен ауылға» бағдарламасының артықшылықтарын тағы бір мәрте естеріне салды. Сөздерінше, бағдарлама аясында мамандарға баспана салу үшін 1500 АЕК ал бұл 3 млн 787 мың теңге беріледі. Қарызды олар 15 жылдың ішінде жылына  0,01% үстемақымен қайтара алады. Жұмысқа орналасқан кезде 70 АЕК (176 750 теңге) көлеміндегі қаржылай көмек көрсетіледі. Жалақыларына 25 % көлеміндегі ауылдық коэффицент қосылатын болады. Сонымен бірге, жанар-жағармай алу бойынша шығындардың орны толтырылады. Мемлекет тарапынан бұндай қолдаудың жасалауын, мамандар кадрлардың тапшылығымен байланыстырады.

– Бүгінде бұл салада жұмыс істейтіндердің жасы 50-ден асатыны барлығына белгілі. Сондықтан жас мамандарды даярлау қажет. Бүгінде ауданда 4 мыңнан астам ауыл шаруашылық құрылымдары бар Әрбірінің құрамында ветеринар мен зоотехник болу қажет, – дейді олар.

 Мамандардың оймен «Парижская коммуна – XXI» ЖШС өкілі Акоб Тутхалян,  «ТС «Agro» ЖШС өкілдері мен , «Бексултан»  ШҚ басшысы Батырбек Шәуленов, Нагашибай Жанжигитов из КХ «Актар» ШҚ өкілі Нағашыбай Жанжігітов,  Мартукского, «Жантизер» ШҚ өкілі Бахытжан Ержнов  келісіп отыр. Олардың барлығы 4-10 фельдшер мен зоотехникке тапшы, барлық жағдайларын жасаймыз деп отыр.

«Бексултан» ШҚ басшысы Батырбек Шәуленовке агроном, механизатор, шабан, мал шаруасы мен бақша шаруашылығы бойынша мамандар қажет.

– Мамандар өте қажет. Сондықтан келіп отырмын.Бұрын жалдамалы жұмысшыларды алатынмын, өзбектерді. Қазір олардың құжаттарын рәсімдеу үшін көп ақша қажет, – дейді ол

-2-3 ай сынақ мерзімінен кейін жұмысқа қабылдаймыз. 100 мың теңге жалақы береміз.Біз етті және сүтті мал шаруашылығы бағытында жұмыс жасаймыз. Жемшөптік өсімдіктерді өсіреміз, – дейді «Актар» ШҚ өкілі Нағашыбай Жанжігітов.

– Сұраныс үлкен. Біздің студентке 20 күн бойы төлдеу кезінде жұмыс істегені үшін жұмыс беруші 140 мың теңге төлеген. Бізідң серіктестер – ТОО «Парижская коммуна – XXI», «Токмансай», «Актеп» Алгинского және Хромтауского районов, «Степное» Каргалинского және «Жантизер» ШҚ (Хромтау) арқасында колледжіміздегі қосарлы білім беру деңгейін көтеріп қана қоймай, түлектерімізге жұмыс тауып береміз. Бұнымен қоса біздің техникалық базаның жақсаруына көмектесіп жатады, – дейді колледж директорының орынбасары Нұрболат Күлшаров.

Нұрболат Күлшаровтың сөзінше, қосарлы білім беру жүйесі арқылы колледжде ветфельдшерлер, зоотехниктер, механизаторлар, орман шаруашылығы қызметкерлері мен аңшылық мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындайды. Бұдан бөлек, еңбекпен қамту орталығынан жолдамамен келетіндерді ветсанитар мамандығы бойынша 10 айлық дайындау курстары бар. Бұл кездесудің нәтижесі күтпегендей болды.

– Бетпе-бет әңгіменің арқасында түлектер жұмыс нарығының мүмкіндіктерін көре алды. Нәтижесі жақсы. Барлығы ШҚ келісімге отырады деген үміттемін, – дейді ҰКП АӨК бөлімінің басшысы

Колледж түлегі Екатерина Таубекова таңдау жасап қойған. Алға ауданы Тамды ауылының тумасы, бір жылдан соң оқуын Орынбор мемлекеттік аграрлы университетте жалғастырсам дейді. Балалық шағынан хирургияға қызыққан екен, бірақ мүмкіндіктерін қарап колледжге оқуға түскен. Екінші курстан кейін қосарлы білімді таңдап, «Парижская коммуна – XXI» ЖШС шошқа шаруашылығы комплексінде тәжірибе өте бастаған. Жұмыс беруші Екатеринаға тегін жолақы, арнайы киіммен қамтып тәжіриьбе өткені үшін 30 мың теңге төлеген.

– Енді жалақымды көбейтеміз деді. Мені жұмысқа шақырса, мен оларға керекпін деген сөз ғой. Өзімді мақтан тұтамын, – дейді Екатерина

Оның курстастары, шалқарлық  Фарида Елеубаева, Байғанин ауданының тумасы Айгерім Машибаева, Ырғыз ауданы Ақшы ауылының тумасы Ақерке Қайырғали мен Қадырбек Бейбарыс оқу бітірісімен туған жерлеріні қайтып қызмет жасамақ. да жұмыс орнын тауып қойған. Бос орындар жәрмеңкесінен кейін, ауыл шаруашылық колледж ұстаздары жұмыс берушілермен кездесіп туындаған сұрақтарды талқылады.


Ляззат Егибаева


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу