Табиғи өнімнің бағасы да қымбат

Новость на Казах-зерно:

Шымкент қаласындағы базарлардың сөрелері жаңа піскен жемістер мен көкөністерге толы. Соңғы кездері, мәселен таудың маңындағы базарларда жемістердің жанында «таза салмағы» деген жазуды жиі кездестіруге болады. Хабары жоқ тұтұнушы бұған мән бермейді де.

Ал жергілікті тұрғындар, бұл жазудың не мағына беретінін жақсы түсінеді. Бұл жердегі таразылардың өлшемі дәл келетін болу керек. Өнімнің бағасы басқа жерлермен салыстырғанда сәл қымбатырақ, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Болашақта базарларда «табиғи өнім» деген жазуларды көріп қалуымыз ғажап емес… Бұған негіз де бар. Ерте піскен өнімдердің бағасы арзан болатынын аңғардыңыздар ма? Мәселен: құлпынай – 400-500 тг, үгіршіктің келісі – 100 тг, өріктің келісі – 200-300 тг. Бірақ бұндай өнім әдетте дәмсіз болып келеді. Кесірінен, үлкен ақшаға алмасақта, лақтырып жіберуге тура келеді…

Бәсекелес өнімдердің көбеюімен баға да арзандау болуы керек сияқты емес пе? Жоқ олай емес екен. Қазір ғана шынайы табиғи өнімдер шыға бастады. Тиісінше табиғи өнімнің бағасы қымбатырақ болады. Құлпынайдың бағасы – 700-800 тг, үгіршік – 300, қызыл шие – 1200-1500 тг, ұсақ картоп – 200 теңге тұрады. Кеше кешсіні, базарда емес, үй жанындағы көшелердің бірінде 650 теңгеге құлпынай алдым. Кешкі асымды рахаттанып жеймін ғой деп ойлаған едім… Бірақ, түсінген боларсыздар? Кешкі ассыз қалдым. Құлпынай табиғи емес болып шықты, дәмі де жоқ. Лақтырып жіберуге тура келді.

Осы ретте жергілікті басшылыққа айтар ұсынысым бар. «Табиғи өнім» науқанын өткізсеңідер қайтеді? Сатушылар «таза салмағы» деген жазудың қасына «табиғи өнім» дегенді де қойсын. Тұрғындарға ескерту қажет қой. Бұны істеуге мүмкіндіктеріңіз бар шығар?


Рамзия Юнусова


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу