Түркістан облысында тұрақты түрде ірі қара мен құстың көлемі артып келеді

Новость на Казах-зерно:

Түркістан облысы статистика департаментінің мәліметінше, қаңтар-мамыр айларындаауыл шаруашылығы, орман, балық шаруашылығы өнімдерінің  жалпы ішкі өнімде мал шаруашылығының алатын үлесі 83,8% немесе 106608,7 млн теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,4% артып отыр.

Мал шаруашылығының дамуы, мал басының өсуімен тікелей байланысты, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі. Статистика департаментінің мәліметінше, өңірде мал басы мен құстың саны тұрақты түрде өсетіні байқалады.

Осылайша 2019 жылдың 1 маусымына дейін Ірі қараның барлық категориясы бойынша өткен жылмен салысытырғанда мал басы 8% өсіп,1175,6 мың басты құрады. Қой 2,9% өсіп – 5383,2 мыңды құрады, жылқы 8,6% және  357,8 мың, түйе  9,9% және 32,2 мың бас, құс тиісінше 8,9% және 1818,9 мың бас. Керісінше шошқаның басы 36,1% пайызға азайып, 8,2 мың басты құрады.  

Ет өндіру (таза күйінде) барлық категориялар бойынша өткен жылмен салыстырғанда 1,4% өсіп, 86,0 мың тоннаны құрады, сиыр сүтін өнідру 4,1% және 294,2 мың тонна, тауық жұмыртқасын өндіру 0,4% өсіп, 77,5 млн. дананы құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру қарқынды түрде жалғасып келеді құрап отыр. Оның ішінде ет өндіру 86,1%, сүт – 95,8 % және 70,2% жұмыртқа өндірісі.


Светлана Дробышева


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу