Түркістан облысында шошқа басы 30% азайды

Новость на Казах-зерно:

Шошқа өсірумен айналысқан шаруашылық, бұқаны бордақылауға көшкен. Түркістан облысының ауыл шаруашылық басқармасының мәліметінше, 2018 жылы шошқа басы 13 мыңнан 8 мыңга дейін төмендеген, деп хабарлайды «Казах-Зерно» АА меншікті тілшісі. 

Мамандардың сөзінше, өнімнің азаюы, бұл саланың пайда әкелмеуімен байланысты. Еттің бағасы көтерілмегенімен, оған деген сұраныс төмендеп кеткен, дейді.

Ертеректе, сауда орындарында шошқа етін шұжық өндіру үшін сатып алса, қазіргі кезде шұжых цехтерінің иелері өнімдеріне құс етін пайдаланатын болған.


Ирина Притула


автормен байланысу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу