Субсидия түрі көбейсін!

Новость на Казах-зерно:

Павлодар облысының агросаласын дамытуға бағытталған бағдарламаның мақсаты: 5 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімділігін 2,3 есе көбейтіп 451 млрд теңгеге дейін көтеру. Оның ішінде мал шаруашылығы 230,3 млрд теңгені құрауы қажет.

Бұл бағдарламаның орындалуы үшін үлкен қаржыны талап ететіні анық, қаражат бөлу басталып та кетті.  Қаражат жеңілдетілген несиеге, инвестицилық және субсидиялық жобаларға бөлінеді. Себебі оларсыз бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өндірісін қалыптастыру мүмкін емес, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Нәтижесі де жоқ емес, соңғы уақытта мал шаруашылығы саласындағы өзгерістерге назар аударсақ жеткілікті. Инвестициялар, жеңілдетілген несиелер мен субсидиялардың арқасында жыл басынан бері 1725 асыл тұқымды мал алынды. Олардың 1034-і етке, ал 691-і сүт бағытына.

Мамыр айындағы оқиғаларға тоқталсақ. Мал шаруашылығын кешенді дамыту жоспары мен «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Агро Колос» ЖШС Тереңкөл ауданына 50 ангус алды. Асыл тұқымды малды  РФ Челәбі облысынан әкелді. Халықаралы қарым-қатынас аясында дәл осы бағдарлама бойынша «Нұркен» шаруа қожалығы Баянауыл ауданына 40 герефорд алды. Мал РФ Томск облысынан әкелінді.

Баянауыл ауданындағы «Ақтау» шаруа қожалығы да осы бағдарлама арқылы РФ Томс облысынан  42 герефорд сатып алды. Ірі қара «Аграрлы несие корпорациясы» АҚ –ның қаржыландыруы арқасында алынды. Жақын арада тағыда 38 бас ірі қара әкелу жоспарланған. Мемлекет тарапынан шаруалар үшін субсидиялардың қарастырылуы жұмысты жеңілдетеді. Облыстық ауыл шарушылығы басқармасының мәліметінше, субсидияларды рәсімдеу сұранымдар түскен кезден бастап жасалады. Ірі қараның әр басына – 175 тен 225 мыңға дейін. Айтпақшы, субсидия алу бойынша сұранымдар енді электронды форматта рәсімделеді. Бұрынғыдай түрлі қағаздармен жүгірудің қажеті жоқ.

Жақында «ASTYK-PV».  ЖШС-нің құрамында 1,2 млрдты құрайтын заманау сүт-тауар кешені ашылды. Жаңа кешен Тереңкөл ауданының Бобровск ауылдық округінде орналасқан. Ферма 700 ірі қараға шақталған. Кешен құрылысына 2017 жылдан бастап Агро-несие корпорациясы қаржылай қолдау көрсеткен. Енді кешенде мал азығын сүрлейтін шұңқыр, су айдаушы мұнара, заманауи қоралар бар. Жақында бұл жерге Чехиядан арнайы 690 бас симментал тұқымдастар әкелінді. Кешен жұмысынан пайда болу үшін, ірі қараның басы 400 ден көп болуы керек. Ал серіктестік бірден 690 бас ірі қара алған. Бұл жолы да мемлекет шығындардың 25 пайызын өтеп, көмек көрсетеді. Бұдан бөлек аналық мал басына-225 мың теңге көлеміндегі субсидия мен норматив бойынша сүттің бағасы литріне 35 теңге көлеміндегі жеңілдіктер ұсынып отыр.

Инвестициялық субсидияларды тарту бойынша да жұмыстар атқарылады. Мәселен, қазіргі кезде «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» Ақсу қаласында қант зауытын салу үшін ресейлік инвесторларды тартпақшы.  «Сасса» инвестициялық-консалтингтік топ өкілдерінің сөзінше, Қазақстан өзін қантпен тек 27пайызға ғана қамтиды.

Қант зауытының дамуы үшін өңірде барлық жағдайлар жасылған. Сондықтан жаңа жоба жылына 144 мың тонна өнім шығарады деп жоспарланып отыр.Сондай-ақ 200 жаңа жұмыс орны пайда болады. Жақын арада қос тарап кездесіп, құжаттарға қол қояды, – дейді  «Павлодар» ӘКК өкілдері.

Сүт өндіруге бағытталған мал шаруашылығын дамыту да жоспарланып отыр. 5 жылдық бағдарламаға сәйкес, облыста агросаланы дамыту бойынша  түрлі шаралар қолданылуды.  2022 жылға дейін қой етін өндіруді 5,2 мыңнан  10 мың тоннаға көтеру, сиыр етін  – 23 мыңнан  42 мың тоннаға дейін көтеру көзделген. 5 жылыдң ішінде сүттің көлемін 371 мың тоннадан  550 тоннаға дейін көтеру жоспарланған. Асыл тұқымды мал басының санын көбейту бойынша жұмыстар да жасалады. Малды өсіру үшін 5 ауданда  326 шаруа қожалығы таңдалынып алынды. Ірі қара мал санын 42 пайызға өседі деген жоспарлар бар. Сүт көлемінің өсуімен, өнімді өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысы артып, қуаттылық 90 пайызға дейін жететін болады. Бұл жұмыстарға шамамен, 60 млрдқа дейінге несие мен 18,5 млрд теңгені құрайтын субсидия қажет болады.

Тағы бір басымдылық – ЖШС, кооперативтер мен шаруа қожалықтарының техникалық жабдықталуын жоғарылату. Көп нәрсе жасалды, бірақ ары қарай жылжу қажет. Қалай?  Әрине лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау  және инвестсубсидиялау бойынша.

Осылайша, қолдау көрсетудің осындай амалдары арқылы техникалық паркті жаңартып, оптималды деңгейге дейін жеткізуге болады. Келер жылдан бастап инвестсубсидиялау аясында қаражат қайтару 25 пайызға дейн жүргізілетін болады. Өткен жылы техникалық парктегі жаңа ауыл шаруашылығы машиналарының саны 15 пайыз болса, 5 жылдың ішінде көрсеткішті үш есе ұлғайту қажет. Бірақ шаруарал әсіресе кішігірім серіктестіктер өз күштерімен бұндай көрсеткішке жете алмайтыны сөзсіз.

Субсидиялар туралы біздің шаруалар жақсы біледі, себебі бұл инструмент бұрыннан бар, бірақ, соңғы жылдары біраз өзгерістерге ұшырады. Гектар бойфнша субсидиялау аяқталды. Мәселен қазір өсімдік шаруашылығын дамыту үшін берілетін субсидия үш бағытта жүргізіледі: дәндерді, гербициттерді, тыңайтқыштарды  субсидиялау. Бұл дұрыс та шығар, бірақ, жуырда облысқа келген министрлік өкілдерімен кездескен диқандардың бірі, субсидиялау шарттарын ауыстыра бермеуді сұрады. ҚР АШМ министр ауыстырған сайын, субсидиялау тәртібі өзгереді, ал бұл жұмысты жоспарлауға кедергі болады, -дейді шаруалар.

Өткен жылы Республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылық саласын дамытуға бөлінген қаражаттың барлығы толық игерілді. Жалпы сомма 13,3 миллиардты құрады, оның 3 млрд 519 млны инвестициялық субсидиялауға жұмсалды. Техника, техникалық құрылғылар мен мал алу үшін несие мен лизингтің сыйақы сөлшерлемесін субсидиялауға 817,7 млн теңге жұмсалды. Мал шаруашылығын дамыту үшін шаруаларға 3 млрд 402 млн  теңге көлеміндегі субсидия берілді. «КазАгро» АҚ құрылымдық бөлімдеріне жеңілдетілген бағдарламалр бойынша 9757,9 млн теңге көлеміндегі несие берілді.

Бұның бәрі өткен жылдың еншісінде қалды. Биылғы жылы облыстың агросекторын дамыту үшін одан да көп ақша бөлінді. 2019 жылы сомма – 18,7 млрд теңгені құрады. 8,2 млрд республикалық бюджеттен, қалғаны облыстық бюджеттен. Мамыр айының ортасына дейін ауыл шаруашылық өндірушілері 4 млрд 564 млн теңгені игерді. Игерілген ақшаның жартысынан көбі, республикалық бюджетке тиесілі. Техника, техникалық құрылғылар мен мал алу үшін несие мен лизингтің сыйақы сөлшерлемесін субсидиялауға 307 млн жұмсалды. Несие мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемені  субсидиялауға бар жоғы 400 мың теңге жұмсалды. Инвестициялау субсидиялауға жарты млрд және тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамту үшін – 1 млрд 785,4 млн тг бөлінді.

Ал облыстық бюджеттен мамырдың ортасына дейін – 1 млрд 943,1 млн теңге игерілді. Тұқым өсіру шаруашылығын дамытуға 199 млн теңге, мал шаруашылығын дамытуға – 1 млрд 297 млн субсидияланды және инвестициялық субсидиялауға – 166,5 млн теңге бөлінді. Тыңайтқыштарды субсидиялауға – 179,6 млн бөлінді. Бұнымен қоса, Павлодарлық ауыл шаруашылық өндірушілеріне «КазАгро» АҚ 5975,9 млн теңге көлеміндегі несие берді. Оның ішінде Аграрлы несие корпорациясы  4670,1 млн теңгеге – 120 несие берді.  «Еңбек», «Агротехника», «Агробизнес» бағдарламалары бойынша да қаржы бөлінді. «Агробизнес» бағдарламасы көпшілікке таныс болды, 140 диқанға – 2 224,1 млн теңге көлеміндегі несие берілді. «Кең-дала»  бағдарламасы бойынша 20 ауыл шаруашылық субъектеріне – 521,6 млн. тенге, ал «Сыбаға», бағдарламасы бойынша 24 шаруаға -1095,6 млн теңге көлеміндегі несие бөлінді. Бұдан бөлек, «КазАгроФинанс» АҚ арқылы  техника алуға жалпы соммасы 1 272,7 млн теңгені құрайтын лизинг берілді.

«КазАгро» құрылымдары жұмыс істейтін аудандық несие серіктестіктеріне үлкен көңіл бөлінеді. Щербактинск ауданында  2004 жылы құрылған «Рассвет» серіктестігі арқылы ауыл шаруашылық құрылымдары жеңілдетілген несиелер ала-алады.

Жоғарыда агробизнесті екінші сатылы банктер мен қатар аудандық несие серіктестіктері арқылы қаржыландыру шешімі қабылданғаннан соң, «Рассвет» серіктестігінің жұмысы көбейді.

Серіктестіктер түрлі бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Мәселен, «Рассвет» еңбек өнімділігін арттыру және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қатысушыларына  7 жылға несие береді. Бұдан бөлек мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің бағдарламаларын несиелеу жүргізіледі. Кәсібін енді бастағандар үшін берілетін несиенің максималды мөлшері –  2,5 мың АЕК көлемінде, ал зәкірлі кооперация арқылы қарыздары барларға – 5 мың АЕК көлемінде несие береді. «КазАгроГарант» АҚ арқылы кепілдемемен қамту бойынша жобалар дайындалуда, бұл арқылы кәсібін бастап жатқан кәсіпкерлерге 85 пайызға дейінгі кепілдіме ұсынылатын болады.

Бүгінде  жеңілдетілген несие алуға деген үміткерлердің тізімі үлкен. Олардың арасында: шаруа, фермерлік қожалықтар, зікірлі кооперация қатысушылары, зейнет жасына жетпеген жұмыссыз қалғандар бар. Айта кету керек, зікірлі кооперация мен ауыл шаруашылық кооперативтеріне несие, жұмыспен қамты орталығы арқылы  кем дегенде 2 жұмыс орнын ашу шартымен береді. Серіктестік «Агробизнес», «Агротехника», «Агроэкспорт», «Агрокомерция», «Іскер» бағдарламалары арқылы жұмыс жасайды.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмыс істеп жатқан шаруаларға көрсетілген көмек аз емес. «Сыбаға» бағдарламасын алып көрсек.  Ет өндіруді дамытуға арналған ірі қара мал алу үшін несиелеу көзделген. Сондай-ақ  ауданда ет өндіруду дамытуға және экспортқа шығаруға көмектеседі. Бұл ауыл тұрғындары үшін қолжетімді бағдарламалардың бірі. Несиелеу алу шарттары  ауылды жерлердегі кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін ескере отырып жасалған.

Бюджеттен бөлінген ақшаның қалған бөлігі, қандай қарқынмен игерілетіні уақыт еншісінде. Бірақ, жыл басындағы қарқын жаман емес.


Владимир Гегер


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу