Солтүстік Қазақстан облысында 4 айдың ішінде ұнның бағасы-16,6%, нанның бағасы –9% қымбаттады

Новость на Казах-зерно:

Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша инфляция 1,9% құрады. Статистика департаментінің мәліментінше, азық-түлік өнімдері – 4,1%, азық-түлік емес өнімдердің бағасы – 1,1% көтерілді.

Жыл басынан бері (2019 ж сәуір.2018 ж желтоқсан) жаңа піскен көкөністерге деген баға 19,2% қымбаттады, дейді статистика мамандары.Оның ішінде: тәтті бұрыш – 19,3%, басты пияз – 16,8%, сарымсақ – 13,3%, қызанақ – 7,8%. Ақбас қырыққабаттың бағасы 2 есеге көтерілген.

Ал, картоптың бағасы керісінше – 7% арзандады.

Жаңа жиналған жеміс-жидектіңң бағасы – 5% қымбаттады, оның ішінде: банан – 18,5%, алмұрт – 6,4%, апельсин – 5,5%.

Керісінше, алманың бағасы – 1,8%, лимонның бағасы – 1,2% арзандаған.

Ұнмен нанның бағасы, тиісінше 16,6%, 9,2%, күріш – 4,6%, нан-тоқаш өнімдері – 2,9%, макарон өнімдері – 2,1% қымбаттады, деп хабарлайды «Казах-Зерно» АА.

Сүт өнімдеріне деген баға – 4,1% өскен. Алкоголді ішімдіктер – 3,4%, балық пен теңіз өнімдері – 3,1%, кондитерлік өнімдер – 2,9%, темекі – 2,7%, ет пен ет өнімдері 2,4%, алкогольсіз ішімдіктер – 2,1%, жұмыртқаның бағасы – 1% қымбаттады.

Қанттың бағасы – 0,3% арзандаған.


Елена Шаерман


автормен байланысу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу