Сиыр етін өндіру қаншалықты тиімді

Бір бұқашықты етке семірту үшін Жамбыл фермері 200 мың теңге жұмсайды. «КазахЗерно.kz» тілшісі сиыр етін өндіру, қаншалықты тиімді екенін анықтады.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында ауыл шаруашылығы секторы мықты құрылымдармен ұсынылған. Олардың қатарында – «Бірлік» шаруа қожалығы, оның басшысы Жанабек Султанбеков мал шаруашылығы туралы бәрін біледі. Бұл салада, ол ширек ғасырға жуық уақыт жұмыс істейді.

«Біздің шаруашылық 2002 жылы тіркелді. Өз малдарымен жұмыс істей бастады. 2010 жылға қарай табында 5 бастан артық мал болды. Біз «Сыбаға» бағдарламасына кірдік, 15 млн теңге несие алып, мал басын 100 басқа көбейттік. Содан бері, тұрақты пайда алуға мүмкіндігіміз бар».

Шаруашылықтың базасы күшті болды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшысы айтып өткендей, ол 2015 жылы салынды. Мұнда, 2016 жылдан бастап 3 мың басқа арналған бордақылау алаңы және 200 басқа арналған сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Бірақ, бүгін, Жаңабек Сұлтанбеков сүт өндірісін кеңейтуді ойлайды.

«Жабдықты келдік, бәрі дайын тұр.  Біз, жақында симментал тұқымынан 118 бас қашарлар әкелдік. Жақында оларды ұрықтандыруды жоспарлап отырмыз. Ал, тоғыз айдан кейін саууға кірісеміз», –  дейді фермер. Бордақылауда шаруашылығында құнсыз бұқашықтар тұр. Ет, облыс нарығында сатылып, «мүмкіндігінше экспортқа» жіберіліп отыр. 2017 жылы бұзау партиясын Біріккен Араб Әмірліктеріне жіберілді. Сол кезде, ұшаққа 188 тонна жүктелді. «БАӘ-нің сатып алушылары, біздің тауарға қатаң талаптар қояды. Бұзаудың жасы қатаң 9 айдан бір жылға дейін болуы керек. Олар осы уақытта жаңа – жаңа салмақ жинай бастайды. Нәтижесінде, біз табысқа қарағанда, көп жоғалтып алдық. Сондықтан, жергілікті ет тұтынушылармен жұмыс істеуге шешім қабылданды, – деп, атап өтті шаруашылық басшысы. Алдағы қыста, «Бірлік» үшін 18 мың орама шөп дайындалды. Екі  шабындық, шөппен толығымен толтырылды, ұнтақталған жем дайындау үшін арпа, бидай және жүгері жеткілікті. Шаруашылықта өз ұнтақтаушы бар. Малдарға шөп жеткізілді. Қазір жануарлардың бір бөлігі Талас ауданында 43 мың га жайылымдық шаруашылықта. Сондай-ақ, бірнеше гектар егіс алқабы, 17 га шабындық жер, бір комбайн, сұрыптаушы және екі шөп дайындайтын агрегат бар.

«Қазіргі уақытта, мемлекет бізге бірнеше қолдау түрлерін ұсынады. Бірақ, бұл көмекпен барлыңы бірдей пайдалана алмайды.  Әрине, шаруа жұмысы пайда әкелуі керек. Ол тиімсіз болуы мүмкін емес. Егер, сіз барлық ережелерді сақтасаңыз және жерге немесе жануарларға күтім жасасаңыз, онда қайтару міндетті түрде болады. Несиені, қайтару мүмкін деген сенім болғанда ғана, алуға болады», – деп есептейді Жанабек Султанбеков. Сүт-тауар фермасы жұмыс істей бастағаннан кейін, уайым қосылады.  Өйткені, сүтті сату туралы ойлану керек. Әзірше, фермер жақын сүт өңдейтін кәсіпорындармен келісім-шарт жасауға ниетті. Ал, ферма бұқашықтарды сатып алуда үнемдей алама, деген сұраққа ол: «Бұзау қанша болады? Тіпті 112 сиырда  бұқа болса да, бұл аз. Әлі де жас төлді сырттан сатып алуға тура келеді. Ет өндірісі бізде кең таралған». Малдардың денсаулығын аудандық мал дәрігері қадағалайды. Барлық қажетті іс-шаралар уақытында өткізіледі.

Жанабек Султанбеков, шаруашылықтағы жұмыспен, тәулік бойы айналысады деп айтуға болады. «Егер, біз қазір, қыстағы жем қоры туралы ойламасақ, содан кейін бір килограмм үшін 72 теңгеден  сатып алуға тура келеді. Егер жолымыз болса. Тәулігіне бір бұқа 10 килограмм жем жейді. Оны кондициялық жағдайға дейін семірту үшін, кем дегенде 3 ай қажет. Қанша шөп қажет екенін есептеңіз. 3 тоннаға жуық», – дейді малшы.  Оның айтуынша, бір бұқашықты күніне 1 мың теңгеге семірту қажет. Мал семіртуде 100 күн ұсталады, яғни бұқашықты союға жіберу үшін 100 мың теңге жұмсау керек. Оған қоса электр қуатына және 8 малшыға еңбекақы төлеуге жұмсалған шығындар да бар. Өңірде ет күн сайын қымбаттап келе жатқаны таңқаларлық емес.  Дегенмен, фермер сиыр етінің бағасы фермадан сөреге дейін өнім жолында, делдалдардың көп болуына байланысты  көтеріледі деп есептейді. «Бізде еттің өзіндік құны қатты жоғары емес. Егер   100 бас малды семіртуде ұстасаңыз, пайда аз болады. Үлкен көлемге шығу керек. Біз алдағы уақытта мал басын көбейтуді көздеп отырмыз», – деді ол.

Жыл басынан бері «Бірлік» шаруа қожалығы мал сою пунктіне 1017 бас ірі қара мал жөнелтті. Қазір қорада 600-ден астам бас қалды. «Біз субсидия аламыз, бірақ өткен жылы өтемақыны шілде айында алдық. Биылғы жылы бізге ештеңе қайтарылмады. Егер де, субсидия кешіктірілмеген болса, қазір мен қажетті астық көлемінің киллограмын 42 теңгеден сатып алар едім. Бірақ, бұл жемді 70 теңгеден сатып алуға тура келеді, себебі екі айдан кейін оның бағасы қымбаттайды», – деп, сұхбаттасушы атап өтті.

Жанәділ Султанбеков өңірде жүзеге асырылатын «қарапайым заттардың экономикасы» бағдарламасына қатысты өз пікірін білдірді: «Бүгінде мал шаруашылығына субсидия тек  1 мыңнан астам бас ІҚМ бар ірі шаруашылықтарға беріледі. Ал, бағдарламада ұсақ тауарлы өндіріс көзделеді. Бірақ, ауыл тұрғыны қанша мал ұстай алады? Ең көп 100 сиыр немесе бұқа. Бұл жағдайда адамдарға субсидия алып,  өзара бөлу үшін бірігуге тура келеді. Менің ойымша, мұндай нұсқа ғана бағдарламаға қатысушылардың жеткілікті санын тарта алады».


Ольга Миллер

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу