Шымкент базарларында экологиялық қауіпсіз азық-түліктер неге сиреп барады?

Новость на Казах-зерно:

Алдымен жағымды жаңалық. Шымкентте күн санап ерте піскен көкөністер мен жемістердің бағасы арзандауда.

Сауда сөрелерінде картоптың келісі көлеміне қарап 130 бен 200 теңгенің аралығында, Өзбекстандық кәді – 100 теңге. Қырыққабаттың бағасы солтүстік пен шет елге экспорттаудың нәтижесінде 150 теңге болып тұр. Қызанақтардың бағасы – 500 теңге. Ең арзан баға, үгіршіктерге қойылған. Келісін – 100 теңгеге алуға болады, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Жемістердің арасында құлпынайға деген сұраныс үлкен, бағасы 350 ден 600-700 теңгеге дейін. Өріктердің бағасы да осыған шамалас.  Қызыл шиенің келісі 800-900 теңге аралығында.

Күн сайын көкөністер мен жемістержің бағасы төмендейтіні байқалады. Бірақ, жағымсыз жаңалық та бар. Ерте піскен жемістер мен көкөністер аса пайдалы деуге болмайды.

Өз басымнан өткен мысал: орталық базардан алынып, әзірленген жаңа піскен картопты жегеннен кейін отбасым … белсендірілген көмірді жеуіне тура келді. Жедел жәрдемнің көмегіне жүгіну тура келмегені қуантады.

Бағалардың арзандығына қызыққандар ерте піскен құлпынай, өрікті алуға асығады. Бірақ, олардың ешқандай дәмі болмайды. Дәмнің шықпауына көктемнің жаңбырлы болуы себепші.

Улы химикаттардың пайдалнылғаны да сезіледі. Биылғы көктем жаңбырлы болуына байланысты, жергілікті бақшаларда бітелер қаптап кетті. Сату үшін өнім өсіріп жүрген бақша шаруалары бітелерді түрлі улы химикаттармен жоя бастады. Сондықтан бұндай өнімнен күтпеген нәтиже болуы мүмкін.

Әлбетте, базарларда сатылатын өнімге сараптама жасалады. Бірақ, сатушыдан тауардың сертификатын сұрап көріңізші? Мен сұрап көрдім… Естігенім мынау болды…

Өкінішке орай, біздің базарда өнімнің сапасы тиісті дәрежеде тексерілмейді. Бұдан кейін ойыңда еріксі сұрақ туындайды: алғаның витамин ба? У ма?


Рамзия Юнусова


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу