Шымкент базарлары көксерке шабақтарымен толып тұр

Түркістан балығы – аймақтың бренді болып саналады. Ол, уылдырық шашуға байланысты тыйым салынған жыл мезгілдеріне қарамастан, барлық жерде және көп мөлшерде сатылады, деп жазады «КазахЗерно.kz» тілшісі.  

Шардара су қоймасының сазаны имидждік балық болып саналады. Соңғы жылдары көксерке танымал бола бастады. Көксерке – өзен дәрігері, дәрумендермен  мыс, натрий, күкірт, хлор, марганец, кобальт, никельсияқты минералдардың қоймасы. Айтпақшы, жас балаларға қосымша тамақтануды осы балықтан бастауды ұсынады. Пісірілген көксерке отадан мен және жарақаттардан кейін адамдарға өте пайдалы. Арықтағысы келетіндерге де балық жақсы көмектеседі. Ақ еттің құрамында пайдалы дәрумендер бар (А және Е, РР, С, сонымен қатар В тобының витаминдер кешені).

Көксерек етінің құрамында адам ағзасына қажет 20-ға жуық микроэлементтер бар. Бұл сүйектерді, тістерді және шашты нығайтуға қажет фтор, фосфор, кальций және кобальт минералдары. Калий жүректің бұлшықетіне пайдалы және денеден артық сұйықтық пен тұзды кетіруге көмектеседі. Магний метаболизмді жақсартады. Темір қандағы гемоглобинді қалыпқа келтіру үшін қажет. Ал, хром қандағы қантты реттейді және организмнен токсиндерді кетіруге қабілетті.

Аймақтағы бірнеше балық зауыттары, көксеркені экспортқа шығару үшін өсіреді. Балық зауытының директоры айтқандай, бұл тиімді бизнес, сондықтан мұндай балық жергілікті саудаға түспейді. Бірақ, жергілікті браконьерлер мен сатушылар үшін шешілмейтін кедергілер жоқ сияқты. Көксерке сатылымға шығады, және бұл түркістандықтар үшін жаман емес. Өйткені, пайдалы балықты бәрі қалайды.

Жақында, Шымкенттің базарлары әлсіз, кішкентай көсеректерге толып кетті, олардың ұзындықтары көбінесе 30 см-ден аспайды. Дегенмен, «Қазақстан Республикасындағы балық аулау ережелерінде» ұзындығы 40 см немесе оданда асатын көксеркені аулауға  рұқсат етіледі. Кішкентай балықтың бір кг үшін 250 теңге ұсынылған. Бұл, өте арзан.

Демек, кейбіреулер бұл балықты аулайды, енді біреулері оны сатады. Бұл, заңды бұзу болып саналады. Балықты аулау мен сатуды бақылайтын тиісті органдар ештене жасап жатқан жоқ. Себебін, тек болжауға болады. Шабақтар ыстықта тез бүлінеді, сондықтан оны сатып та үлгермейді. Сонда, қанша құнды дәрумендер қоқысқа тасталады ?!


Рамзия Юнусова

автормен хабарласу: [email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу