Шығысқа оңтүстіктен жаңа қырыққабат әкелінеді

Облыс әкімдігінде өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселесі де сөз болды. Жиынды аймақ басшысы Д.Ахметов жүргізді, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» агенттігінің аппарат тілшісі.

Атқарушы билік басшысы аудан, қала әкімдеріне аса қажет санаттағы азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу керектігін ескертті.

– Қазіргі таңда осы азық-түлік тауарларына арналған қоржынымызда 19 атау бар. Бүгінде жаңа дақылдың жаңа қырыққабаты еліміздің оңтүстік өңірлерінен жасалған келісім-шарттарға сәйкес қолжетімді бағамен жеткізілуде, – деді Д.Ахметов.

Оның айтуынша, «Ертіс» фирмалық павильондарына 200 тоннаның 80 тоннаға жуығы келіп түскен. Ал түйіршіктелген қантқа келетін болсақ, оның қорын әр 10 күн сайын толықтыру жоспарлануда. Сонымен қатар, корпорация ұн жеткізу бойынша келісімдерге қол жеткізді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі де сауда орындарына мониторинг жалғаса беретініне уәде берді. Ал бағаны рұқсатсыз көтеру фактісі анықталса, кәсіпкерлер жазаға тартылады. Тауарлар үшін шот-фактуралардың және баға белгілерінің болмауы да бұзушылықтарға жатқызылады.

Надежда Михеева

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу