Шаруаларда жанармай бар ма

Қызылорда облысында 145 жанар—жағармай құю бекеті бар. Оларда қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге аса қажет отын бар ма, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі.

«Егінге қажетті жанар—жағармайды жеңілдетілген бағамен жинақтап, оны нарықтық бағамен сатып алдық», — дейді «Сыр маржаны» ЖШС директоры Мнажаддин Өтееев. – Жыл сайын егін егу, жинау жұмыстары кезінде осындай жағдай туындайды – бағаның өсуі мен тапшылық. Сондықтан жанар—жағармаймен қоса, қажеттінің барлығын алдын ала жинақтаймыз.

Бүгін, 13 қыркүйекте облыс бойынша 1 литрдің орташа бағасы 210 теңге болса, бұған дейін 196 теңге болған. Оның ең жоғары бағасы литріне —235 теңге. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараевтың айтуынша, егін жинау науқаны кезінде дизель отынының бағасы жыл сайын қымбаттап отырады. 2021 жылдың тамыз—қыркүйек айларына дейін тұтынушыларымыздың дизель отынына деген сұранысы 170—180 тонна болса, қазір ол 245 тоннаға жетіп отыр. Ағымдағы жылдың мамыр—қыркүйек айларында дизель отынына деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 480 мың тоннаға артқан. Тамыз айында 519 мың тонна дизель отыны тұтынылды. Сондықтан ірі жанармай құю бекеттерінде («Компас», «Гелиос», «Қазақ Ойл») дизельдік отынға лимит белгіленді. Автокөлікке 50—100 литр, TS, «СиноОйл» жанармай құю бекеттерінде Батыс Еуропа—Батыс Қытай тас жолының бойында 100—200 литр лимитпен талон беріледі.

Сарапшы атап өткендей, Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмыс жоспардан тыс тоқтап қалды. Сондай—ақ көршілес елдерде дизель отыны күрт өсті. Сондықтан қыркүйек айынан бастап республикада баға көтеріліп, оның тапшылығы байқалды. Көршілес Ресеймен дизельдік отынның литріне 100 теңге, Өзбекстанда 70—80, Қырғызстан 61 теңге айырмашылығы бар. Барлық транзиттік көліктер Қазақстанға кіретін және шығатын жерлерінде жанар—жағармаймен жанар—жағармай құйылып, сол арқылы шекаралас өңірлердегі тұтыну көрсеткіші күрт артуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап Павлодар мұнай—химия зауытында (ПХЗ) жоспарлы жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Бұл ретте елге Ресейден дизельдік отынның жеткіліксіз көлемі импортталады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрықтарымен АИ—92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу алынып тасталды, бүгінгі күні олардың бағасын нарық реттейді.

Мира Жакибаева

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу