Сәуір айында Жамбыл облысының дүкендерінде сүт өнімдері мен жұмыртқаның бағасы төмендеген

Новость на Казах-зерно:

Сәуір айында Жамбыл облысы бойынша инфляция 0,4% құрады,дейді статистика департаментіндегілер.Азық-түлік өнімдерінің бағасы  0,7%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,3%, ақылы қызмет түрлерінің бағасы – 0,1% артты.

Статистика департаменті мамандарының мәліметінше сәуір айында, көкөністердің бағасы- 3,2%, қант- 2,3%,ұн-1,9%, макарон өнімдері- 1,8%, нан-1,7%, қайта өңделген және консервіленген көкөністер-1,6%, кондитерлік өнімдер – 1,5%, күріш – 1,3%, жеміс пен жарма-1,1%, шұжық, ет өнімдері және темекі -0,6%, нан-тоқаш өнімдері 0,5%, ет,құс,балық,теңіз өнімдері, май – 0,2%, жеміс,көкөніс сулары, алкогольді ішімдіктердің бағасы  -0,1% артты

Ал, сүт өнімдері мен жұмыптұаның бағасы 0,1% төмендеген.

Бензиннің бағасы – 0,4%, дизель жанармайының бағасы- 0,1% төмендеді.


Елена Шаерман


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу