Сәуір айында Алматыда қырыққабаттың бағасы 15,5% көтерілді

Новость на Казах-зерно:

Статистика мамандарының айтуынша, наурыз айымен салыстырғанда сәуірде көкөністердің бағасы 5 пен 15,5% көтерілген. Оның ішінде қырыққабаттың бағасы-15,5%, сәбіз- 14,9%, сарымсақ- 9,7%, пияз – 6,7%, қызылша – 5,4%, картоп-  5% көбейді, – хабарлайды «Казах-Зерно» АА.

Өткен айда  күріш, арпа жармасы мен тарының бағасы 1%-дан 9,1 % дейін, ұн – 1,6-5,1%, нанның бағасы – 4,5-5%, қант- 4,3%, ет пен ет өнімдері 0,2-4,2%, кептірілген жеміс пен банан-1,6-3,2%, шай- 2,2%, майдың бағасы 1,8-2%, макарон өнімдері 0,8-1,7%, ұн және кондитерлік өнімдер- 0,3-1,6%, ірімшік-1,1%, ішетін су- 1%, арақ,балық пен консервілер бағасы 0,6-0,9%, сүт пен айран- 3,2% , майлылық 0,4-0,6% көтерілді.

Статистика мамандарының мәліметінше, үгіршіктің бағасы- 41,2%, лимон мен апельсин- 8,8-13,8%, маргарин мен майонез -4,4-6,9%, асбұршақ – 5,2%, қызанақ- 4,1%, қарақұмық жармасы, сүт өнімдер імен сүзбе-0,4-3,3%, жұмыртқаның бағасы- 1,8% төмендеген.

Теңгемен шаққандағы азық-түліктің бағасы, Алматы қаласы бойынша 22сәуір

Өнім атауы

Өлшем Сәуір
2018ж

2019ж

Өңделген күріш кг 262 306
Жоғары сұрыпты бидай ұны кг 162 187
Ұнтақ жармасы кг 207 226
Қарақұмық жармасы кг 216 208
Сиыр етінің жауырыны кг 1 643 1 767
Жылқының еті кг 1 787 2 023
Шошқа етінің жауырыны кг 1 414 1 562
Қой еті сүйегімен кг 1 646 1 752
Тауық кг 773 877
Пісірілген шұжық кг 2 546 2 697
Жартылай ысталған шұжық кг 2 931 3 170
Жас және салқындатылған балық кг 925 1 042
Пастеризацияланған сүт литр 244 258
Айран литр 311 320
майлығы 5-9% сүзбе кг 1 801 1 712
Тұздалмаған сары май кг 1 807 2 110
Күнбағыс майы литр 400 444
1 ,2 санаттағы жұмыртқа 10 дана 309 322
Алма кг 433 313
Ақбас қырыққабат кг 127 231
Басты пияз кг 93 112
Қызылша кг 170 157
Сәбіз кг 144 139
Картоп кг 143 106
Құмшекер кг 200 244

Светлана Дробышева


автормен xабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу