Сұраныс болса, өндіріс көлемі де артады

Новость на Казах-зерно:

Түркістан облысында орналасқан «Яссы нан» кәсіпорны нан өндірісін 30 мыңнан 50 мыңға дейін арттырды.

Қуаттылығы 13,7 тоннаны құрайтын зауытта 100 адам қызмет етеді. 2014 жылы іске қосылған кәсіпорнының құрылысына 200 млн. теңге жұмсалған.

«Бастапқыда наубайхана бір кәсіпорынның қызметкерлерін нан-тоқаш өнімдерімен қамту үшін құрылған болатын. Уақыт өте біздің өнімге деген сұраныс артып кетті, енді біз тәулігіне 20 мың данаға дейн өндіреміз. Ол үшін қосымша жұмыс орнын аштық, өндіріс қуаттылығы мен зауыт аумағын кеңейттік. Қазір нанның 40 иүрін және шұжықтың 15 түрін шығарамыз», – дейді зауыт басшысы Н. Атаев.

Бұндай көрсеткіштерге жету үшін кәсіпкер қосымша 800 млн. теңге жұмсап, Чехиялдан заманауи құрылғылар сатып алды.


Ирина Притула


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу