Құрбан айтта Қызылорда облысында еттің ағасы қымбаттап кетті

«Ақ барыс» сауда орнындағы ең арзан еттің бағасы бұл күні 1500 теңгені құрады, жылқының келісі – 1800 теңге. Сиырдың бағасы 50 теңгеге, жылқыныкі 100 теңгеге қымбаттады, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі. Бұл 2019 жылдан бергі алғашқы өсу емес. Шарулар мен сатушылардың сөзінше, бағаның өсуіне жемшөппен жанар-жағармай бағасының қымбаттауы себеп. Шаруа Қожалықтарындағы өткен жылғы жемшөп аяқталғаннан соң, қосымша жемшөпті жаңа бағамен сатып алуға тура келеді, – дейді.

 – Қаңтарда біз сиыр етін 1250 теңгеге саттық. Жыл басында жанар-жағармайдың бағасы, коммуналды қызметтердің бағасы, жемшөп дайындауға арналған шикізат, жемшөптің өздері шамамен 20% қымбаттады. Сондықтан 8 айдың ішінде бағаны 250 теңгеге өсіруге тура келді. Өткен жылдан қалған жемшөп аяқталды, сондықтан бұрынғы бағаны сақтап тұра алмаймыз. Өзіміз жемшөпті өсірмейміз, тек сатып аламыз. Бұған қарамастан біздің бағалар Қызылордадағы ең төмен бағалардың бірі, – дейді «Ақ-барыс» ЖШС директоры Ерболат Рсалин.

Шаруалардың сөзінше жанар-жағармайдың бағасы қымбаттаған кезде азық-түліктің барлық түрлеріне деген баға артады. «Айт-Бек» базарының сатушыларының сөзінше, еттің бағасы сонғы рет 2018 жылдың басында көтерілген екен.

– Біз сауда орны, етті өлшеген үшін және басқа да шығындарға төлейміз. Күніне 3000 теңге қажет. Көтерме сауда баға көтеріліп кетті, сондықтан біз бұрынғы бағаны ұстап тұра алмаймыз, – дейді Гүлсім Отарбаева.

Облыстық ауыл шаруашылық бөлімінің мамандарының айтуынша, еттің бағасын алыпсатарлар орнатады. Басты өнлдіруші шағын шаруалар болғанға дейін, жағдай осындай болып қала бермек. Ірі өндірушілер пайда болған жағдайда, бағаны тұрақты етуге мүмкіндік болар еді. Жемшөптік базаны да дамыту қажет.

Мира Жакибаева

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу