Рамазан айы етсіз өте ме?

Новость на Казах-зерно:

Шымкент базарларында еттің бағасы өсіп кетті.

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндері жылқының бағасы -1800 ден 2300-ге дейін, ал шұжықтың бағасы – 1800 ден 2500-ға дейін өсіп кеткен. Сатушылар: сұраным бар жерде ұсыныс та болады, – дейді.

Алайда бірнеше күн бұрын Орталық базардағы ет қатары, КазахЗерно.kz АА меншікті тілшісін таңқалдырған. Шымкенттегі ең арзан бағамен ет сатып алуға болатын жерде бұл жолы таңдау да өнім де жоқтың қасы болып шықты. Тұрып қалған, желденген  етті, ауызашарға қоюдың өзі ұят. Бұған қарамастан еттің бағасы «айқайлап» тұр: сиыр етінің келісі – 2000 тг, қойдың еті – 1700-1800.

-Барлық етті Өзбекстандық көтерме саудагерлер алып кетеді. Иран мен Қытайдан келеді, -дейді сатушы Үмітхан Оразова. Нәтижесінде Шымкеттіктер қалдықтар қалады. Олардың бағалары удай.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенділері аңсаған қазақстандық ет экспортының уақыты, Рамазан айында  келген сияқты.

Ал ішкі нарықтағы қажеттіліктерге не болмақ? Біздің сатып алуышлар не істейді? Тіпті елдің азық-түлік қауіпсіздігі қайда?

Менің көршім Радик Халилов, 2 топтағы мүгедек. Отбасын асырау үшін, аула сыпырушы болып жұмыс істеуге мәжбүр. Ауыз бекіткеніне бірнеше жыл болған. Бірақ, биылғы ауызашары қарапайым болып қалды: шай, шелпек пен май, құрма. Кейді, тауық етін жеп қалады. Сапасы  онша емес, сөреде тұрып қалғаны болмаса. Бірақ бұл ет түрі арзан, келісін 700-800 теңгеге алуға болады.

Қарапайым отбасылардың өмір сүру деңгейі осындай. Ет экспорты жайында сөз қозғағандардың ауызашары басқашалау өтетін сыңайлы.

Әзірше фермерлер сатып алушыларды, оразаның арқасында тауып отыр. Ал, мемлекеттер арасында келісім-шартқа қол қойылып, ресми түрде экспорт басталғанда, ел ішінде еттің бағасы қаншаға өсетінін елестетудің өзі қорқынышты.

Жоғарыдағылар, ішкі ет нарығынад мәселе жоқ дегенімен, шынайы суретті көріп тұрмыз. Бағалар жылдам өсуде, кйеін төмендеуі екіталай шығар. Себебі қой етінің бағасы  Шымкентте соңғы жарты жылдың ішінде екі есеге көбейіп кеткен (күздің соңғы айларында келісін 800-900 тг алуға болатын еді).

Қазақстандықтардың дастарханында дәстүрлі түрде тұратын өнім, болашақта қымбат деликатеске айналып кетуі ғажап емес…


Рамзия Юнусова


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу