Pro ет Actobe

Новость на Казах-зерно:

Ақтөбе облысының 866 442 тұрғынына жылына 72,1 тонна ет қажет.

2018 жылы жергілікті өндірістің есебінен  тірі түрінде 138,7 мың тонна ет алынды. Биылғы жылдың 1 мамырына дейін 45 мың тонна ет өндірілді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы қайта өңдеу мен маркетинг бөлімінің мәліметінше, Ақтөбе қаласының базарларына жыл сайын 6571 тонна ет жеткізіледі: 4675,6 сиыр еті, 220 қой еті, 1675,4 жылқы еті.

Базарларға  бір жылда жеткізілетін ет:

№ п/п Базар атауы Еттің түрі Көлем/тонна Көтерме бағасы/тг
1. «Алтай» базары сиыр 613,2 1400-1550
қой 22,0 1400-1600
жылқы 295,6 1800-1850
2. Орталық колхоз сиыр 2300,0 1400-1500
қой 146,0 1600-1800
жылқы 985,5 1800
3. «Жилгородской» базары сиыр 153,3 1450-1570
қой
жылқы 98,6 1800-1850
4. «Табыс» коммуналды базары сиыр 1686,3 1250
қой 51,1 1250
жылқы 295,6 1700

2018 жылы облыс тұрғындарын етпен қамту 294,6 пайызға жетті. «Табыс» коммуналдық базарында үнемі өткізіліп отыратын ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінде, жауырын-кеуде бөлігін 1250 тг алуға болады. Жәй күндері 1350 теңге бағасы, – дейді АШБ қайта өңдеу мен маркетинг бөлімінің бас маманы Снежанна Кулекенова.

Бағаларды тұрақтандыру үшін жергіілкті билік іс-шаралар қарастыруда. Мәселен, Беларусиядан ет импорттау.

– Импорт болды, бар және болады. Ет өнімі БР тұрақтандыру қорынан болғандықтан бағасы арзанырақ. Бәскелестік болу керек, бұл дұрыс құбылыс. Тұтұнушылар қалталарына қарай өнімді таңдайды, – дейді АШБ мал шаруашылығы бөлімінің маманы Нұрлыбек Әлімбеков.

Ғалымдардың сөзінше бір күннің ішінде әр адам 200 гр ет жеу қажет.

Айта кету керек импорттан бөлек елімізде ет экспорты да бар. Мәселен, соңғы 5 жылда Ресей мен Өзбекстанга 1,5 мың тонна сиыр еті экспортталған екен. РФ өзіне ғана – 50 тонна қой еті, 300 тонна шошқа, 20 тонна құс еті.

Қазіргі таңда облыс әкімдігі Иран мен Өзбекстанға made in Aktobe етін экспорттауды көздеп отыр. Жоспар бойынша 4 мың тонна сиыр еті мен 200 тонна қой етін жіберу.

Облыстық әкімдіктің қолдауымен «Ақтөбе ет кластері» инвестициялық жобасы іске асырылып келеді. Жоғарғы технологиялық құрылғылармен жамбықталған өндіріс ошағы экспортқа бағытталған. Ақтөбе қаласының өзінде қайта өңдейтін «РОКОС» ЖШС мен «Бал-Юн» ЖШС (ет пен шұжық өнімдері), «Айбек» ЖШС («Сыбаға» маркілі ет пен консерві). Қарғалы ауданында орналасқан «Степное» ЖШС өнімі де тұрғындардың арасында сұранысқа ие.


Ляззат Егибаева


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу