Павлодарда ет бағасы бірден 25-27% өсіп кеткен

Новость на Казах-зерно:

Азық-түлік өнімдерінің кейбіреуіне баға шамалы көтерілген болатын. Ал дүйсенбі күні Павлодарда, еттің бағасы бірден өсіп кетті, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Сұранысқа ие сиыр етінің жұмсағының бағасы 1900 теңгеден 2500 теңгеге дейін көтерілді.

Бағаның күрт өсіп кетуін, халық түсінбей қалды. Тарифтердің бағасы көтерілген жөқ, бензиннің бағасы да бір қалпы, доллор біршама ғана қымбаттаған, ал еттіңі бағасы бірден төрттен бір бөлігіне қымбаттап кеткен. Сиыр еті, жылқы еті, шошқа етінің бағасы көтеріліп кетті, ал тауық етінің бағасы әзірге бір қалыпты.

Сүттің бағасы бір жарым ай бұрын өскен болатын. Шаруа қожалықтарынан келетін сүттің көлемінің артуымен, қаптама сүттің өндірушілері бағаны тағы да көтеруге асықпайды.

Ораза айы кезінде кептірілген жемістердің бағалары да өскен.

Қырыққабаттың бағасы да қымбат – келісіне 270 теңге, әлеуметтік дүкендерде картоптың бағасы 65 теңге, ал қалған жерлерде келісіне 85-90 теңгеден сатылады.

Жылыжайда өсірілген үгіршіктер мен қызанақтардың бағасы да қымбат, үгіршіктің келісі – 350 теңге, қызанақтың келісі 600 тг.

Бір қызығы, қытайдан әкелінетін жемістердің бағасы өскен. Мысалы: Семеренко сұрпындағы ең арзан алманың бағасы 360 тан 550 теңгеге дейін көтерілді. Бағаның өсуіне не себеп екені түсініксіз.

«Лидер» дүкендерінде басты пияз 225 теңге тұрады, ал «Арай» базарында 180 теңгеге алуға болады деседі. Бірақ, өз басым ондай бағаны көрген емеспін.

Тіпті сәбіздің келісі де 200 теңге болып кеткен. Сарымсақтың келісі 850 теңге болып кетті, тек әлеуметтік дүкендерде сәл арзанырақ кездестіруге болады.

Бірақ, ең біріншіден етке деген бағаның себепсіз өскені алаңдатып отыр. Тұтынатын өнімнің бағасы бірден 25-27% өсуінің астарында, біра мағына болуы керек қой. Халық әзірше түсінбей отыр, ең бастысы бұндай жағдайдан басшылық қалай шығар екен.

Көтерме саудагерлер мен сатушылар халықтың наразылығын түсініп жатыр ма екен?


Владимир Николаев


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу