Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің орташа бағасы мен баға индексі өзгерді, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі.
Мәселен, 2021 жылдың қазан айында аршылмаған күріш – 77029 теңге, ірі қара мал – 882 870 теңге, қой мен жылқы – 783265 теңге, тірілей салмақта – 905 879 теңге, сиыр сүті – 131 636 теңге.
2021 жылғы қаңтар—қазан аралығындағы дәнді дақылдарға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бағасының индексі 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,7% құрады. Мал мен құс бойынша тірі салмақта —108,1%. Жылқы мен қойға —104,2% және 103,1%, шикі сиыр сүті —125%. Ашық жерден алынған картоп, қияр, қызанақ бағасының индексі 107,6, 108,2, 87,3%.
Бөлшек саудада 2021 жылдың қазан—қараша айларында негізгі азық—түлік тауарларының бір келісінің орташа бағасы төмендегідей. Жылтыратылған күріштің келісі 324 теңге, бірінші сортты бидай ұны 242 теңге. Күнбағыс майы 1 литрі – 781 теңге. Жұмыртқа 309 теңге, түйіршіктелген қант — 292 теңге.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, облыста қолда бар 29 азық-түліктің 14-ке дейін түрі облыста 50-ден 100 пайызға дейін өндіріледі. Жергілікті шаруалар сиыр мен жылқы етінің 50-70 пайызын өндірсе, күріш пен нанның 100 пайызын өндіреді.
Мира Жакибаева