Орталық Қазақстанда шошқа өсіру кластері құрылады

Ірі шошқа шаруашылығы кластері Қарағанды облысының Осакаров ауданында құрылатын болды. Бұл туралы, «КазахЗерно.kz» тілшісіне аймақ әкімдігінен  хабарлады.

Тарихи Қарағанды облысы Қазақстанның шошқа шаруашылығының орталығы болып табылады. Кезінде  мұнда Орта Азиядағы ең ірі 120 мың басқа арналған «Волынский» шошқа кешені құрылды. 

Өткен жылы,  Қазақстанның шошқа шаруашылығы Одағы 2025 жылға қарай мал басын 2,5 есеге ұлғайтуды жоспарлап, шошқа етін Ресей мен Қытайға жылына 100 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап, саланы дамыту бағдарламасын ұсынды. Ол үшін, ең бастысы – селекциялық-гибридтік орталық құру керек еді. Қазіргі уақытта, жануарлардың қанағаттанғысыз сипаттамалары саладағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді: шошқалардың ұрықтылығы бойынша және салмағының жиналу жылдамдығы бойынша, отандық фермалар алдыңғы қатарлы елдерге  қарағанда 2-3 есе кем дамыған.

Осакаров ауданында кластер құру осы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын құрылымына селекциялық-гибридтік орталық, сондай-ақ бес бордақылау кешені, құрама жем зауыты және элеватор кіреді. Сонымен қатар, өнім мал сою цехтары мен ысталған шұжықтар мен шұжық шығаратын өндірістік желілердің құрылысы арқасында,  сол жерде өңделетін болады. Айтпақшы, іске қалдықтар да жіберіледі – сүйектен сүйек ұны мен тыңайтқыштар дайындалады, ал, ағында қуаты 1 мегаватт / сағ биогаз қондырғысы жұмыс істейді.  Осакаров ауданы үшін мұндай қуатты кластердің пайда болуы, жұмыспен қамту мәселесін шешетін болады.

Өйткені, ол бірден Есіл, Приишим, Пионер және Осакаровка кенттерінің жанында орналасатын болады. Тұрақты жұмыс орындарын 1000 адам алады, олардың көпшілігін шетелде оқыту жоспарланып отыр. Өйткені, жалпы құны 72 млрд теңгені құрайтын жобаның серіктестері Канада, Германия, Латвиядан келген бірнеше шетелдік компаниялар.

Жобалық қуаты-жылына 82 мың тонна ет, 15,6 мың тонна деликатес, 28 мың тонна шұжық және консервілер. Экспорттық жеткізілімдер Қытайға жоспарланып отыр, оның нарығы қазақстандық шошқа етін ағымдағы жылдың соңына дейін ашуға уәде береді. Әрине, өнімнің бір бөлігі ел ішінде қалады.


Сергей Буянов

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу