Органикалық өнімдер Қазақстан үшін қымбат

Новость на Казах-зерно:

Органикалық өнім шығаратын қазақстандық шаруалар өнімнің барлығын экспортқа жібереді. Оған себеп, ішкі нарық бұл сапалы бірақ қымбат өнімді тұтұнуға әлі дайын еместігі.

«Органикалық өнім өндіру» бойынша заң жобасы 2015 жылы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл саланы АӨК дамытудың басым бағыты деп айтқаннан кейін, қабылданды. Бүгінгі таңда экологиялық таза шаруашылық 280 мың га аумақты алып отыр. Алайда елімізде өндірілетін экологиялық өнімнің барлығы экпортқа жіберіледі, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.  Барлығы еуропалық не қытайлық сертификаттар алады: бағасы қымбаттырақ болса да, сұраныс бар нарыққа жол ашады.

Органикалық өнім қарапайым өнімнен қымбат, сондықтан ел тұрғындары бұған әлі дайын емес. Сонымен бірге, органикалық өнімдердің артықшылықтарын көбібіле бермейді.

ҚР Органикалық азық-түлік өндірушілерінің одағы елімізде ірі сараптама жұмысатырн жүргізді. Басты мақсат: ел тұрғындары органикалық азық-түлік жайында не біледі және дастархандарында табиғи таза өнім тұру үшін қанша төлеуге дайын екендіктерін анықтау. «Стратегия» сараптама орталығы мамыр айында 800 адаммен сауалнама жүргізіп, маусымның басында тапсырыс берушіге нәтижелерді ұсынды.

– Бізді таңқалдырған бір мәселе. Табиғи органикалық өнім біздің елде жоқ, бірақ халық оны сатып алып жүр екен. Яғни сауалнама барысында тұрғындардан қандай органикалық азық-түлікті сатып аласыздар дегенде. Олар: сүт, ет, көкөністер деп жауап берді. Бірақ бұл өнімдердің біріне де біздің елде сертификаттар берілмеді! Біздің халық «bio», «eco», «домашняя», «фермерская» деген жазуы бар өнімді табиғи деп ойлайды екен. Ешкімді ренжіткімі келмейді. Мүмкін бұл азық-түліктің басқадан айырмашылығы бар шығар. Бірақ сертификат берілмегендіктен оның қандай екенін айту қиын. Әлемдік тәжірибеде бұны  greenwashing деп атайды. Яғни, органикалық тауардың орнына басқа тауар табиғи деп сатылуы. Маркетингтік айла болып табылады,- дейді  Органикалық азық-түлік өндірушілері одағының жетекшісі Арсен Керимбеков.

Сондықтан халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет дейді. Бұнымен қоса ҚР АШМ «Qazaq organic food» брендін құрған болатын. Жергілікті өндірушілер дайыг болса әрине. Бірақ, бұл екі талай сияқты. Себебі сараптама нәтижесі көрсеткендей, ел тұрғындары қымбат бағаға азық-түлік алуға дайын емес. Ал әлемдегі нарықта экоголиялық табиғи азық-түліктің дефициты бар. Сондықтан да бағасы бір жарым есеге көп. Сапа мен қауіпсіздіктің бағасы қымбат.

Сол себептен де елімізде өндірілетін өнімнің барлығы жкспортқа жіберледі. Бұл  жылына $10 млн құрайтын ауыл шаруашылық шикізаты.  

– Органикалық өнім ретінде сертификатталып ішкі нарықта сатылатын қазақстандық азық-түлік туралы айтатын болсақ, бұл ең біріншіден жармалардан бірнеше түрі. Таза жер шаруашылығы бойынша еліміздегі тәжірибе жаман емес. Сондықтан экспортқа жіберілетін өнім дәл осы бағыт бойынша жүзеге асырылады. Сондай-ақ өсімдік майының түрлері, тұршақ тұқымсдастар бар, -дейді Арсен Керімбек.

Ал мал шаруашылығындағы органикалық азық-түліктерді өндіру қиынырақ. Сондықтан бағасы да едәуір жоғары. Мысалы: органикалық сүттің литрі – 1000 теңге болады. Яғни қарапайымынан 4 есе қымбат. Ал бұл қазақстандық нарық үшін қажет емес.

Сараптама авторлары нәтижелерімен бөлісті:

«Бұндай азық-түліктерге деген қызығушылық бар. Сараптама көрсеткендей сұралғандардың 93%  органикалық азық-түліктерді сатып алар еді. Ал органикалық азық-тұлік сатып алушыларының 90% ары-қарай да сатып ала ма, жоқ па білмейтіндіктерін айтты. Органикалық өнімдер үшін 72,9%  10%-а дейін төлеуге әзір. Сауалнамаға қатысқандардың 18,3%  маркировкасы болған жағдайда 20% дейін төлеуге әзір. Ал тұрғындардың 5% 30% дейін төлеуге әзір».


Сергей Буянов


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу