Қолдаудың орнына — үздіксіз кідірістер

Түркістан облысының фермерлері «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бюрократиясына наразылықтарын білдірді.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз шағымдарын ауылшаруашылық саласына жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасары М.Мырзалиевтің қатысуымен өткен жиналыста айтты. Кездесу аймақтың экспорттық әлеуеті тақырыбында болды.

Фермерлер қолданыстағы жүйенің арқасында, Қазақстандық өнім екенін куәландыратын электрондық куәлікке «Атамекен» КП мөрін қою қажет болғанда, олар көп уақытты ғана емес, сонымен қатар тауарларының бір бөлігін жоғалтады деп шағымданады. Шынында да, егер куәлікті сіздің аймағыңызда бір күннің ішінде алуға болатын болса, онда қағаз жүзіндегі форманы растау үшін бірнеше ондаған, тіпті жүздеген шақырым жерде «Атамекен» КП кеңсесіне бару керек, деп жазады «КазахЗерно.kz» тілшісі.

«Өнімді электронды форматта экспорттауға құжаттар шығаруға мүмкіндік беретін цифрландыру, әрине, жақсы», – дейді «Ордабасы Құс» ЖШС бас директорының орынбасары Г. Нахманович. – Сондай- ақ, шетелдегі тауарлармен ілесіп жүретін CT KZ куәлігіне еш қарсылығымыз жоқ. Біз тек куәлікті қазір талап етілгендей, өнімнің әр партиясына емес, бір жылға беруді сұраймыз. Өздеріңіз ойлаңыздар: біз күркетауық етін үнемі шетелге – Өзбекстанға, Қырғызстанға, Ресейге және Беларуссияға экспорттаймыз. Экспорт көлемі өндірілген өнімнің шамамен 40 пайызын құрайды. Мұндай көлемде әр партия үшін CT KZ куәлігін шығару өте қымбат, өйткені әр куәлік кәсіпкерлер палатасының кеңсесінде мөрмен расталуы керек. Біз осыны түсіндіруге тырыстық, бір жыл мерзімге, ең болмағанда ЕАЭО мүше елдеріне куәлік берулерін сұрадық. Бірақ, олармен әлі түсініктестікке келе алмадық.

Сондай-ақ, біз көліктік қызметтеріне жұмсалған шығындарды өтеуден қиыншылық көріп отырмыз. Онда да, әртүрлі қағаздардың, соның ішінде жолдама парақтарын жинау керек. Бұл, әрдайым туындайтын мәселе, өйткені қызмет көрсететін үш көлік компаниясына жатады. Оларға да есеп беру үшін қажет. Жалпы, үздіксіз жүйке тоздыру. Біз шет елдермен серіктестігімізді кеңейтуді жоспарлап отырмыз, бірақ қазіргі кездегі ресімеуге қойылатын талаптар осындай болса, бұл бізге көптеген қиындықтар туғызатыны сөзсіз»
Белгілі болғандай, диқаншыларда бұдан да көп қиындықтар бар екен.

«Жүк тиелген әрбір жүк машинасында CT KZ куәлігі болуы керек болғандықтан, біз шығынға ұшыраймыз», – дейді «Адель» шаруа қожалығының бас есепшісі Л. Ковченко. – Өйткені, қазір нағыз маусымда біз күн сайын көкөністермен үш вагонды шетелге жібереміз. Оны куәландыру үшін не Түркістанға, облыстық кәсіпкерлер палатасына не Шымкент қаласына баруымыз керек. Шымкентке, әрине, жақынырақ болады, өйткені Түркістанға 160 шақырым. Мөрді қойдырғанша, салық шот-фактурасын куәландыруді аяқтағанша, екі күн жоғаламыз. Көкөністер, әсіресе қызанақ – тез бұзылатын өнімдер. Мұнда бірнеше күндік саяхат қосыңыз және сатып алушыға жеткен сапасын елестетіңіз. Ешкімге бүлінген өнім қажет емес екендігі түсінікті, көтерме саудагер оны қабылдамайды және біз төлемнің бір бөлігін оған қайтаруымыз керек. Сонымен, біз барлық құжаттардың орындалуымен шаршап қана қоймаймыз, сонымен қатар осы жүйенің кесірінен үлкен шығындарға ұшыраймыз».

Әкім орынбасары фермерлерді мұқият тыңдап, республикалық кәсіпкерлер палатасының облыстық өкілдігінің басшылығымен фермерлер экспортқа жіберетін өнімдердің ресімделу талаптарын өзгерту мүмкіндіктерін талқылауға уәде берді.


Ирина Притула

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу