Өнген дән – жаңа егістің қайғылы фактісі

Бұл күз Қазақстандық шаруашылықтар үшін қолайсыз болды. Қыркүйектің бірінші жартысында жаңбыр егін жинауды кешіктірді, піскен астық ұзақ уақыт бойы далада тұрап қалды, бұл дәндердің шашылуына және үлкен шығындарға әкелді. Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан, аграрлық қызметкерлер табиғаттың еркелігін жеңіп, жақсы өнім алды, деп жазады «КазахЗерно.kz» тілшісі.

10 қазанда жалпы жағдай бойынша Қазақстанда егін алқабының 96,1% бастырылды. 17 миллион 909 мың тонна астық жиналды, орташа өнімділік гектарына 12,2 центнерді құрады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымда өнімділік едәуір жоғары болды, яғни 14,4 ц/га. Бұл ауа-райының әсері, өйткені ағымдағы ауылшаруашылық маусымы жақсы басталған жоқ. Сарапшылар оның басталуын былтырғы егін жинау аяқталғаннан бастап, топырақта өнімді ылғалдың жиналуы басталған кезден санайды.

«2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейін ай сайын жауын-шашынның жетіспеуі байқалды – олар ұзақ мерзімді орташа нормаларға жете алмады», – деді «Қарабалық» ауылшаруашылық тәжірибе станциясының директоры Дамир Қалдыбаев (Қостанай облысы). – Нәтижесінде, егіс маусымы басталған кезде бізде ылғал қоры нормадан 25% төмен болды.

Көптеген шаруа қожалықтары егін алқабындаға ылғал буланғанға дейін, егін егуді ертерек мерзімге ауыстыруға шешім қабылдады. Олар «Қарабалық» АШ ТС-нда 12 мамырда, әдеттегіден екі күн бұрын егіске шықты. Мамырдағы ауа-райы бүкіл Қазақстан бойынша қолайлы болды, сондықтан айдың аяғында шаруалар көктемгі азапты аяқтай алды.

«Біздің фермада егіс алқабы 9 200 га болды», – деді Дамир Қалдыбаев. – Оның ішінде бидай 6200 га, арпа 1200 га, зығыр 820 га, бұршақ 200 га. Оған қоса, жыл сайын егілетін шөптер, сұлы және рапс.

Ағымдағы маусымда «Қарабалық» АШ ТС-сы сұрып ауыстыру стратегиясын жүзеге асыра бастағандығы маңызды. Оның аясында бірнеше жыл ішінде ескі сұрыптар жаңа сұрыпқа ауыстырылады. Біріншіден, бұл «Айна», «Фантазия» жұмсақ бидайы және қатты «Асанали 20». «Великан» және «Медикум 18» арпаларының жаңа сұрыптары егілді.

Нәтижесінде, былтыр жаңа сұрыптар ауданның 8% -ын алса, биыл ол 25-ке жетті. Алдағы бірнеше жыл ішінде селекционерлер әлі алмастыра алмайтын «Қазақстандық» ерте пісетін бидайды қоспағанда, толығымен өзгеріс болады. Бұл бидай әлі де жақсы нәтиже беруде және ғалымдар балама жасау жұмыстарын жалғастыруда.

«Сонымен қатар, келесі жылы біз «Северяночка» атты сұрыптың егілу аумағын ұлғайтамыз», – деді Дамир Қалдыбаев. «Ол, «Айна» мен «Фантазия» сияқты, құрғақшылыққа төзімді, икемді және жоғары өнімділікке ие. Сондай- ақ, олардың барлығы ауруға төзімді – бұл олардың басты «ерекшелігі», сондықтан шаруалардың көз алдында үлкен тартымдылыққа ие.

Жаңа сұрыптар өзінің барлық жағымды қасиеттерін осы маусымның қатал шарттарында көрсете алды. Жаз мезгілінде жауын-шашын өсімдіктер дамуының қажетті кезеңдерінде бірнеше есе азайды. Ылғалдылық түптену кезеңіне түскен шаруашылықтар ең көп зардап шекті – әр өсімдік бірнеше рет өсінділер шығарды, олар кейіннен құрғақшылыққа байланысты қурап қалды. Нәтижесінде өсімдік құнды ресурстарды бекер жоғалтты.

Бұл жағдайда «Қарабалық» АШ ТС-ның жолы болды – мұнда түптену кезеңінде жауын-шашын болған жоқ. Алдымен бұл жергілікті агрономдардың көңілін қалдырған еді. Бірақ маусымның қаншалықты қиын болғаны белгілі болғанда, артықшылық айқын болды. Бірақ мұнда жаңбыр шілде айының басында жауып, түтікке түсу фазасына түсті. Бұл өсімдік үшін өте көп энергияны қажет ететін процесс, оның жалпы көлемінің 40% құрайды

Тамыз айында тағы бір сәттілік болды – жаңбыр масақтың дәнденуі кезеңінде жауды, бұл толыққанды шоқтың қалыптасуына мүмкіндік берді.

«Шілде айында үш аптаның ішінде қатты ыстық болды, ол масақтың бос болуына апарады деп қорыққан едік», – деді Дамир Қалдыбаев. – Содан кейін гүлдену және тозаңдану болды, ал тозаң қатты кептіріліп қалды. Бірақ егісті ерте бастағанымыз да үлкен әсерін тигізді. Мұның бәрі жақсы егіс алуға әкелді.

Айтпақшы, жаңа сұрыптар өздерін өте жақсы жағынан көрсетті. Бұрынғы егілген егіске қарағанда «Айна» гектарынан 37,3 центнерден өнім берді. Тағы бір жаңа сұрып – «Фантазия» өте жақсы нәтиже көрсетті – 29 ц/га. «Қарабалық» АШ ТС-ның бұршақ дақылдары бойынша орташа өнімділігі 18 ц/га құрады. Биылғы жыл үшін өте жақсы көрсеткіш.

«Бізді алып шыққан жаңа сұрыптар – «Айна» және «Фантазия», – деді Дамир Қалдыбаев. – Айтпақшы, біз оларды тек өзімізде ғана емес, Қостанай облысының бірнеше аудандарында, сондай-ақ Ақмолада бақылау алаңдарында еккен едік. Барлық жерде көрсеткіштер өте жақсы болды.

Таңдап шабу тамыздың ортасында басталды, бірақ жаппай шабу – тек жаздың соңғы күндерінде. Содан кейін табиғат шаруаларға тағы бір жағымсыз тосынсый жасады – қыркүйектің басында жаңбыр екі апта бойы жауып тұрды. Егіншілер әр тынышталуды пайдаланып, егіске шығып отырды, бірақ толығымен қыркүйектің 13-14 ғана егінге орала алды. Осыдан кейін ауа-райы тұрақты болып, алғашқы он күндікте шаруашылықтарыдың көбі егіс жинау жұмыстарын аяқтады. Бұдан артық жағымсыз тосынсыйлар болмайтын сияқты. Бірақ олар астықты талдауға тапсырғаннан кейін пайда болды.

Осы екі аптаның ішінде, жаңбыр астында қалған астық көк жарғаны белгілі болды. Түндегі жоғары температура да әсерін тигізді. Өнген дән автоматты түрде азық-түліктік дәндерінен, жем-шөп деңгейіне дейін төмендеуін білдіреді, өйткені мұндай дән енді ұнға жарамайды. Сондықтан қазір барлық сатып алушылар құлау саны сияқты көрсеткішке назар аударады. Өнген дәнде ол төмен болады. Мұндай бидайдың бағасы азық-түліктен 30 пайызға төмен.

«Өнген дән – бұл сала үшін өте өкінішті факт, құрғақшылық немесе қатты желден төмен емес», – деді Дамир Қалдыбаев. – Осы маусымда Қазақстанда да, Ресейде де осындай астық көп. Біз еліміздің әр аймағындағы көптеген әріптестермен сөйлестік. Көпшілік талдау нәтижелері бойынша құлау саны 60-тан 110-ға дейін өзгереді деп шағымданады. Ол 200-ден асуы керек. Ең бастысы, мұндай дән тұқымға жарамсыз болып қалады, өйткені ол өнгіштігін жоғалтты. Бұл өздігінен тұқым қорын құрған көптеген шаруашылықтарды болашақ егісті отырғызу үшін басқа жерден тұқым сатып алуға мәжбүрлейді. Әрине, сұраныстың артуы бағаның өсуіне әкеледі. Біздің көршілеріміз Ресей Федерациясының Қорған облысында қазірдің өзінде, бір тонна тұқым рубльге шаққанда 115 мың теңгеге дейін өсті. Ал көктемде ол әлдеқайда төмен болды. Қазақстанда әлі не болатынын білмеймін – біз тұқымның бағасын әлі анықтаған жоқпыз. Бірақ өсім болатыны анық. Біз сондай-ақ астықтың сапасына алаңдадық, бірақ талдау нәтижесі бізде бәрі жақсы екенін көрсетті. Сонымен, біздің тұқым жақсы өнуімен шартталады.

Қазақстанның құрғақ климатында өнген дән мәселесі сирек кездеседі. Алайда, егер күз жаңбырлы болса, бұндай жағдайлар кездеседі.

Сондықтан, сәттілікке жетпеген шаруашылықтарға, тұқым қорын өзгерту керек. Енді бидайға жата тұру қажет, содан кейін талдау жүргізіп, өнгіштігін тексеру керек. Өнген дән онсыз да көрінетін болады. Қажет болған жағдайда, келесі маусымда егінсіз қалмас үшін жоғары сапалы тұқым сатып алу керек. Көктемді күтуге болмайды, күзде дайындалу керек. Оның үстіне солтүстікке неғұрлым жақын болса, тұқымдар соғұрлым қымбат болады.

Айтпақшы, мамандар жергілікті сұрыптарды таңдауға кеңес береді. Ағымдағы маусым, қатал жағдайларымен, аудандастырылған өсімдіктердің артықшылығын көрсетті – олар аз шашылады және құрғақшылыққа төзімді болып келеді.


Сергей Буянов

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу