Немен азықтандырамыз?

Түркістан облысында мал азығын жинау маусымы аяқталуға жақын. Егер ірі азықпен пішендемеге қатысты жағдай салыстырмалы түрде жақсы болса, бүгінгі күні сүрлем 15 мың тонна ғана жиналды. Аймақтағы ірі қара малдың санына байланысты – бұл дарияға тамған тамшыдай тым аз, -деп жазады «КазахЗерно.kz» тілшісі.

Осы жылдың алты айында Түркістан облысында ірі қара малдың саны деректер бойынша бір миллион 151 мың 700 бас екенін ескерсе, оның ішінде 500 мыңға жуығы – сиыр. Яғни, облыстағы бір ірі қара малдың басына сүрлем қоры орташа есеппен 13 граммды құрайды. Артық тойп кетпесе екен.

Сонымен қатар, қарапайым: «Сіздердің сүрлем шұңқырыңыз қайда орналасқан?» – деген сұрақ облыстың үш шаруашылық қожалықтарының бірнеше жұмысшыларының мелшиіп қалуына себеп болды. Мен оларды адамгершілік себептермен, ыңғайсыз жағдайға қалдырмау үшін атап айтпаймын. Айтарлықтай өнімділік үшін шырынды азықтардың маңызы зор. Бұл бұқалардың өсуіне де, сүт өнімділігіне де қатысты. Сондай- ақ: «сиырдың сүті – тілде» деп бекер айтылмаған.

Бірақ, жергілікті фермерлерді малдарын құнарлы азықпен қамтамасыз ету жағдайы онша алаңдатпайтын сияқты. Сонымен, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша сүрлемді жинау туралы облыстың 16 ауданы мен қалаларының тек үшеуі ғана қамдарын ойлаған: Арыс, Кентау және Ордабасы аудандары. Пішен бойынша көрсеткіштер әлдеқайда жақсы. Төрт ауданының шаруашылықтарында пішеннің малдарына деген сұранысы толығымен жабылды, ал бесеуінде – сұраныстың жартысынан артығы жиналды.

Бірақ құнарландырылған малазық бойынша жағдай нашар. Малдың азық мөлшерінің осы маңызды құрамдас бөлігімен тек Қазығұрт ауданының фермерлері толықтай қамтамасыз етілді. Созақ ауданында құнарландырылған малазықтың 74,3 пайызы, Ордабасы ауданында – 68,7 жиналды. Тағы екі аудан қажетті мөлшердің 20-30 пайызын әрең жинады. Сегізі – құнарландырылған малазық жинау қажет деп санамады. Сонымен қатар, кейбір өңірлер кем дегенде бір түрдегі шырынды жемшөп түрін таңдаған кезде, Бәйдібек, Мақтаарал, Сайрам, Төлеби, Шардара, Жетісай және Келес облыстарының және Түркістанның фермерлері малды шырынды азықтарсыз қалдыруға шешім қабылдады.

Сол арада, облыста ең көп сүт өндіретін – Сайрам ауданында, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Көпеевтің сегіз айлық мәліметтері бойынша, бір сиырдан тәулігінде орташа сүт шығымы сегіз литрді құрайды Назарыңызды аударсаңыз: ресми ақпаратқа сәйкес, өткен жылы сиыр сүті көлемінің меншікті салмақ үлесі (16,4%) бойынша Түркістан облысы Қазақстан бойынша екінші орынға ие болған (!!!).

Яғни, әлі талпынатын нәрсе бар, әсіресе білікті мал өсірушілер, жеті литр сүт – ең аз мөлшер- деп айтатынын ескеретін болсақ. Мұндай мөлшерді бірінші рет төлдеген тайыншалар береді. Ал олардың сауыны бір айдан кейін күніне 12 литрге дейін жетеді.

Орташа статистикалық сиыр (біз ІҚМ-дың асыл тұқымды өкілдері туралы айтпаймыз) еш қиындықсыз тәулігіне 15-17 литр сүт өндіреді.

Демек бар мәселе, біздің фермерлердің сиырларды талап етілетіннен мүлдем басқаша азықтандыруда жасырылуы мүмкін. Шынында да, тәжірибелі мал өсіру маманы айтқандай, тек дұрыс жасалған азық мөлшері сауынның шарықтау шегін анықтауға мүмкіндік береді және жас малдың ет бағытындағы қарқынды өсуіне ықпал етеді.

Сонымен, қыста сиыр мәзірінде шырынды және ірі азық басым болуы керек, оның негізгілері – тамыр жемісті өсімдіктері мен сүрлем. Дәл осы азықтың концентраттармен үйлесуі сауынды жоғарлатуға мүмкіндік береді. Ал бізде, ресми құжаттардан көріп отырғаныңыздай, фермерлер біріншісін де, екіншісін де дайындаумен аса қиналып жүрген жоқ.


Ирина Притула

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу