Статистика департаментінің мәліметінше, Қызылорда облысында тұтыну бағасының индексі 2019 жылдың наурыз айында 100,5% құраған.
«Казах-Зерно» ақпараттық агенттігінің мәліметінше, азық-түлік тауарларының бағасы өткен айда 1,2%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы 0,3% көтерілген. Ал, ақылы қызметтердің тарифы еш өзгеріссіз қалған.
Статистика мамандарының сөзінше, өткен айдың ішінде көкөністердің бағасы -8,7%, наның бағасы-3,6%, үн мен қой етінің бағасы -3,5%, шошқа еті -2,9%, спирттік ішімдіктер -2,8%, макарон өнімдері -1,7%, ірімшік пен сүзбе – 1,1%, құс еті 1%, жемістердің бағасы -0,2% көтерілген.
Ал, жұмыртқа бағасы -4,8%, қанттың бағасы -1,1% төмендеген.
Наурыз айында облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі – 25406 теңгені құрайды.
Статистика мамандары, ең төменгі күнкөріс деңгейін, негізгі азық-түлік өнімдерін тұтұнудың ең төменгі көрсеткіштеріне сүйеніп есептеген. Ең төменгі күн көріс деңгейі өткен аймен салыстырғанда -1,7 % артты.
Оның құрамында келесіндей өнімдердің үлесі ет пен ет өнімдері-18,4%, сүт өнімдері мен жұмыртқа-11,5%, жемістер мен көкністер-8,9%, нан өнімері мен жарма өнімдері -7,5%, май өнімдері -4,2%, қант,шай мен дәмдеуіштер -2,5%, балық – 2%.
Светлана Дробышева
с автором можно связаться по адресу:
[email protected]