«Менің бұйрабастарым, менің құйрықтыларым…»

Новость на Казах-зерно:

Қадыр Шадиев мектеп бітірісімен шабан болып жұмыс істей бастаған. Сол кезде басшылық қызметте болған әкесі, ары-қарай білім алуыын айтса да, Қадыр өз дегенінде тұрды: «Мен кішкентайымнан шаруашылықта жұмыс істегенді жақсы көрдім. Кішкентай кезімде мал баққанды ұнататынмын. Жыл санап мал шаруашылығында жұмыс істеуге деген құлшынысым көбее берді. Әкемеде, ауылдан кетпейтінімді жеткіздім! 25 жыл савхозда жұмыс істедім. Фрунзе атындағы савхозда бригаданың негізгі шабаны болдым. Селекциямен айналысып тұқымды ойлап таптым.Менің қойларым Алматы қаласында өткен ауыл шаруашылық көрмесінде Түркістан облысыынң атынан қатысты.Мәскеуге апаруды жоспарладық, бірақ үлгермедік КСРО ыдырады»

Қадыр Шадиевтің көптеген марапаттарыынң арасында КОКП орталық комитенінің, КСРО Министрліктер кеңесінің құрмет грамоталары бар. Әрбірі жоғарғы жетістіктері үшін берілген. К.Шажиевтің көп жылдық еңбегі шынымен де жетістікке мол. Ол 100 ұрғашы қойдан 185 қозы алып, оларды өсірген жалғыз адам.

Савхоз ыдырағаннан кейін Қадыр Шадиевтің өмірі мүлде өзгерген жоқ. Өзіне тиесілі пай мен бірнеше қойды алып шаруашылығын одан әрі жалғастыра берді. Сайрам ауданы Қолқеет ауылдық округінде орналасқан шаруа қожалығында 700-ден астам қой, жүзге жақын жылқы, ірі қара, ешкі мен құс бар.

Қадыр Шадиевтің бұл кәсіпті тізгіндегеніне 55 жыл болды, осы уақыт ішінде сүйікті жары Кәримә үнемі қолдау көрсетіп келеді.

«Күйеуім тауға барса, мен де артынан барамын. Ол қой қырқса, мен ұстап тұрамын. Мал төлдеген кезде бірге жұмыс істедік. Он өзінің кәсібіне ғашық. Егер күйеуімнің қызығушылығын бірге бөліспесем, қандай әйел болмақпын? Осылай өмір бойы бірге, жарасып тұрдық», – дейді Кәримә апа.

Одан бөлек Кәримә апайдың шаруалары жетерлік. Мәселен, ол «Алтын алқа» иегері Төрт бала мен алты қызды дүниеге әкелген батыр ана. Қазірде барлығының өз балалары бар, бірақ балалық шақта сияқты кеңес сұрап ата-ана үйіне келіп отырады. Ал, бос уақыттарында шаруа қожалығында көмектеседі.

«Мал шаруашылығында жұмыс істеудің өзі рахат қазіргі кезде. Мемлекеттің қазіргі қолдауын бірнеше жыл бұрын елестете де алмап едік. Ферма құрылысының 40 пайызын мемлекет өз мойнына алды. Жеңілдетілген несиелер керек болса ал. Әзірге өзім субсидия мен мемлекеттің басқа қолдауына мұқтаж емеспін. Бірақ, мемлекетте болып жатқан жайғдйаларды үнемі бақылап отырамын. «Агробизнес 2020» бағдарламасы бар екені қуантады. Ісімді үлкейтетін болса осы бағдарламаға жүгінемін деп ойлаймын. Ал қазір бәрін өзім жасап жатырмын. Мен өсірген мал сатылып кететінін білемін, себебі сұранысқа ие. Базарға апарып та әуре болмаймын, фермадан тікелей алып кетеді», – дейді Қадыр Шадиев.

«Міне қараңыздаршы мына қошқар 100 кгдай. Мендегі қошқарлардың барлығы осындай. Бірінші төлдеу жақсы өтті, 300 ұрғашы қойдың 100 егіз туды. Міне менің бұйрабастарым осындай. Ешқандай құпиясы жоқ. Бастысы өз ісіңді сүйю және аянбай еңбек ету», – дейді Қадыр Шадиев

2009 жылы Сайрам ауданы мәслихатының шешімімен Қадыр Шадиевке «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді.


Ирина Притула


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу