Мемлекеттік бағдарламалар бар, бірақ ақша алу оңай емес

Түркістан облысы Келес ауданының бірнеше шаруа қожалықтары жобаларын жүзеге асыру үшін ақша ала алмайды. Мұның себебі неде екені- фермерлерге белгісіз.

Қаратөбе ауылының тұрғыны Е. Молдабеков бір жыл бұрын Келес ауданының Сарыағаш ауданынан бөлінуіне дейін, үш жыл мерзімге, бес миллион теңгеге жеңілдетілген несие алуға өтініш берген еді. Бірақ, уақыт өтіп, банк Ерлан Тасболатұлына «иә» немесе «жоқ» деп жауап бермей, уәде беріп отырды. Ал күткеннен шаршап қалған фермер тағы да ақша алуға үміттің бар-жоғын білуге барған кезде, қазіргі кезде ол Келес ауданының тұрғыны есем, ал Сарыағаштың тұрғыны болғандықтан, барлық қағаздарды қайта жинау керек екенін білді.

Қазіргі кезде фермер қайтадан түрлі кеңселердің табалдырығын аттап, құжаттарды екінші рет жинап жатыр. Алайда, Е. Молдабеков, жолы болғыш деп айтуға болады. Ол, кем дегенде, қаржы қызметкерлерінен нақты түсінік ала алды, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі.

Міне, «Нұржан» шаруа қожалығының басшылығы төрт гектар жерге көкөніс өсіру үшін жылыжай салып, банктен осы мақсатпен 100 миллион теңге сұраныс берген еді, бірақ ақша беруді неліктен кешіктіріп жатқанын ешбір түсіндірмейді: бар айтатындары «күте тұрыңыз».

«Кошем» шаруа қожалығына «Максимум» РИО-тан 8,8 млн. теңге көлеміндегі қаржыландыруды қанша уақыт күтуге тура келетіні белгісіз. Сондай- ақ балық өсіруге арналған бұл ферманың жобасы бұрыннан мақұлданған еді.

«Құт-Береке» шаруа қожалығы ірі қара мал өсірумен айналысуды бастамай жүр, себебі, екі ай бойына созылған, ауылшаруашылықты қолдау қорының «ертеңі» бітер емес. Осы уақыт ішінде фермерлердің сұраныс берген ақшасына алынатын бес жүзге жуық асыл тұқымды бұқалар қазірдің өзінде айтарлықтай салмақ қосатын еді.

Ауданның ауылшаруашылық бөлімінде түсіндірілгендей, мұндай жағдайлар сирек емес. Әкімдікте жалпы құны 766 млн. теңгеге 27 ауылшаруашылық жобалары, оң бағасын алды. Оның ішінде мал шаруашылығы бойынша – 448 млн. теңге сомасына 16 жоба. Олардың қатарында ірі қара мен түйе өсіру, тоған фермасы мен құс фабрикасын ашу жобалары бар. Егер шаруа қожалықтарының бастамаларына кедергі келтіретін қаржы институттары болмаса, мұның бәрі фермерлерге, сонымен қатар аймаққа және тұтастай елге пайда әкелуі мүмкін еді. Келестіктер ауылшаруашылық саласын дамыту үшін, жұмыс істеуге және өз қаражаттарын салуға дайын. Бірақ, мемлекет тарапынан жеңілдетілген несиелерге берілген құқықтарсыз олар жеңе алмайды.

Неліктен, қаржы қызметкерлері жер иелеріне қолдау көрсетудің орнына, әдейі кедергілер туғызып отырады? Мүмкін бақылаушы органдардың бұл жағдайға назар аударатын кезі келген шығар? Сондай- ақ, фермерлерге ақша беруді үнемі кешіктіру жағдайлары тек Келес ауданында ғана байқалмады.


Ирина Притула

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу