Мал басы өсуде

Қызылорда облысында 3500 ауылшаруашылық құрылымдары мал шаруашылығымен айналысады, оның 1600 шаруа қожалықтары ірі қара, 1400 қой, 150 түйе және 350 жылқы өсіреді, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz» тілшісі.

Мемлекеттік тұрақты қолдаудың арқасында соңғы бес жылда шаруа қожалықтарында өсірілген ірі қара малдың үлесі 6,5%, ұсақ қара мал – 13,2%, жылқы – 3,7%, түйе – 3% өсті. Мал шаруашылығын субсидиялау аймақтағы асыл тұқымды малдардың санын көбейтіп, мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттырады. Биылғы жылы мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын жақсартуға облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінді. Мәселен, осы жылдың 7 айында 700 шаруа қожалықтары субсидия алды, бұл 1,6 миллиард теңгеден асады.

2018 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «2018–2027 жылдарға арналған етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын» қабылдады, «Сыбаға» бағдарламасы аясында тауар өндірушілерге 6% –бен жеңілдетілген, ұзақ мерзімді несиелер ұсынылды.Бұл өз кезегінде мал шаруашылығы саласының дамуына үлкен серпін береді.

2019 жылы «Сыбаға» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру нәтижесінде ет өндірісі үшін шетелдік 2249 бас асыл тұқымды ірі қара және 50 мыңға жуық қой сатып алынды. Бағдарламаға 209 шаруа қожалығы қатысуда.

Жалпы, 2018-2019 жылдары қаржыландырудың арқасында асыл тұқымды ірі қара үшін ет және сүт өндірісі бойынша 15 асыл тұқымды ферма ұйымдастырылды. 1226 шаруа қожалықтарында асыл тұқымды жұмыс жүргізілді. Бүгінгі күні мүйізді ірі қара малы 8835, қой 78642, жылқы 6882 бас және түйе 3225 құрайды.

Қазіргі уақытта облыста ет өндірісін арттыру мақсатында 12 мың ірі қараға арналған 20 бордақылау алаңы жұмыс істейді. Ірі мал бордақылау алаңдарының ішінде «Сыр Маржаны» ЖШС және «Шаған жер» ЖШС бар. 1,5 мың басқа – «Саламат Агро» ЖШС және 1 мың басқа – «Бекарыс Агрофуд» ЖШС.

Сондай-ақ, облыста сүт өндірісін арттыру мақсатында қуаттылығы жылына 10 мың тонна сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 тауарлы-сүт фермасы ұйымдастырылды, тәулігіне 325 бас малды союға арналған 18 сою алаңы бар.

Мира Жакибаева

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу