Лактация кезінде сиыр сауынын қалай арттыру керек?

Сүт – бұл барлық сүтқоректілердің өсуіне қажетті қоректік заттардан тұратын күрделі қоректену өнімі, деп жазады Dairy Herd.

Сүт – барлық сүтқоректілер үшін алғашқы азық. Оның құрамындағы пайдалы заттармен бірге, жаңа туған бұзау күш қуат пен ауруларға қарсы денелер алады.

Адамдарға арналған сүт және сүт өнімдері – бұл магний, кальций, В12 және В5 дәрумендері, рибофлавин және селен. Оларды тамақтану тізімінен шығарса, денсаулығына қауіп төндіреді.

Сүт – бұл қант, май, су және ақуыздан тұратын өнім.

Дұрыс азықтануын және дамуын бақылаған кезде тәулігіне бір сиырдан құрамында шамамен 4% майлылығы бар 30 кг сүт өндіріледі. Лактация кезеңінде (төлдегеннен кейін шамамен 5-10 апта), алғашқы төлдеген сиырлардың сүт өнімділігі орта есеппен 34-37 кг дейін, ал ересек сиырларда – 37-45 кг дейін артады. «Шарықтау шегінен» кейін сүт біртіндеп азаяды (айына -15%).

Лактация кезінде сүт сиырлардың желінінде түзіліп, жиналады. Ол сауу аппаратын қосқанда, сиырды қолмен сауғанда немесе бұзау емген кезде шығады. Сиырлардың сүтті өнімділігі ірі қара малды қолға үйрету барысында өзгерістерге ұшырап отырды.

Ғалымдар, сүт мөлшері мен оның сапасы тек тұқымға ғана емес, сонымен қатар басқа факторларға да байланысты (денсаулық, өсіру шарттары, азықтану — «КазахЗерно.kz»).

Лактация кезеңінің ұзақтығы ІҚМ жеке ерекшеліктеріне байланысты болады. Бұл сиырдың сауылым мерзімі деп аталады. Әдетте, ол 305 күнге созылады. Кейде кеш ұрықтандыруға байланысты ол біраз уақытқа созылады. Сиырлардың төлдеуі, өсірудің барлық кезеңдерінен бастап, союға дейін, әр жыл сайын бір мезгілде болады. Осылайша, лактация кезеңі 300-315 күнге созылуы мүмкін, ал суалу – 50-60 күн.

Лактация кезіндегі сиыр үшін ең маңызды кезең – төлдегеннен бастап, шарықтау шегіне дейінгі уақыт. Сауын көрсеткіші, фермердің малға қаншалықты қамқор болғанына байланысты болады.

Сүт өндірудің шарықтау шегі – сиырдың алғашқы 150 күніндегі ең жоғары сүт өндірісі. Фермерлер әрбір сиыр үшін, қажет болған жағдайда, сүт мөлшерін жоғарылату үшін оны анықтайды. Оларға, әдетте, суалу немесе бұзауды емізу кезеңінде азықтануды өзгерту әсер етеді.

Сиыр өндірісінің шарықтау шегі бұзаулағаннан кейін 150 күн өткен соң басталады деп есептелсе де, көбінде 45-90-шы күндерінде басталады. Біраз уақыт өткен соң, олар біртіндеп, өнімділігін жоғалтады.

Ғалымдардың мақұлдауы бойынша, егер лактация кезінде жағымды жағдай дұрыс ұйымдастырылатын болса, онда шарықтау шегі кезінде сиырдан 90-113 кг сүт жинауға болады дейді.

Сауын, бұзауды емізудің алғашқы кезеңіндегі сиырдың азықтануы мен денсаулығына байланысты. Егер оған жасұнық жетіспесе, онда ол ацидоз ауруына шалдығуы мүмкін.

Статистикаға сүйенсек, ацидозы- ірі қара малда жиі кездесетін ауру. Бұл сиырларды тамақтандыру ережелерін сақтамау жағдайында дамиды: мысалы, фермер пайдалы жемшөптің орнына, концентраттар және үйлесімсіз өнімдермен азықтандыратын болса.

Ацидоз – бұл асқазандағы жоғары қышқылдық. Бұл сүт қышқылының артық түзілуінің және сілекейдің болмауы себебінен пайда болады.

Ацидоз пайдалы микрофлораның белсенділігін басады. Бактериялар өліп, зиянды заттарды шығарады. Қан арқылы олар бүкіл денеге таралып, ұлпалар мен мүшелердің қабынуын тудырады. Егер сіз төлдегеннен кейін сиырлардың денсаулығын бақыламасаңыз және ацидозымен күреспесеңіз, онда тұяқтардың клиникалық аурулары дамиды. Мысалы, олар ақсақтықты немесе ұлтабардың жылжуын, яғни асқазанның 4 бөлімінің бірі ауруларын асқындырады.

Сүт өндірісін жақсартудың 10 тәсілі

Суалу кезінде сиырды азықтандыру

Болашақта сиырдың төлденуі, еңбекке қабілеттілігі және денсаулығы суалу кезеңдегі азықтануына байланысты болады. Егер сауынның шарықтау шегін талдау кезінде суалу кезеңнің бірінші күнінен бастап төмендеу бағытында өзгеріс байқалса, келесі ұсыныстар орындалады:

  • Бір тәулік ішінде сиыр 12-14 кг құрғақ азық жеу керек;
  • Ол артық тамақтанбауы керек;
  • Дене майын төлдегенге дейін сақтау маңызды. Әйтпесе, онымен қиындықтар туындауы мүмкін. Әдетте, бұл сиырдың артық немесе жеткіліксіз салмағына байланысты. Сондықтан, дене майларының күйін бағалауды (BCS). назардан тыс қалдырмаңыз. Бұл әдіс табынның қоректік жағдайын бағалауда тиімді болып табылады. Сиырдың денесі көзбен бағаланады 1-ден (шектен тыс азуы) 9-ға дейінгі (шектен тыс семіру) шкала бойынша;
  • Күтілу кезінде қолайлы жағдайлар жасау;
  • Жануарлардың денсаулығына мұқият қадағалау.

Төлдегеннен кейінгі парездің алдын-алу

Басқа жолмен, аналық парезді сүт безгегі немесе гипокальциемия деп атайды. Оны зерттеуде ғалымдар үлкен жетістіктерге қол жеткізгеніне және алдын-алу әдістерін жасағанына қарамастан, бұл сүт малын өсірудегі ең күрделі метаболикалық ауру болып саналады.

Сүт безгегінің дамуының негізгі себебі – қандағы кальций деңгейінің төмендеуі.

Сүт безгегінің екі түрі бар: суб- және клиникалық. Аналық парездің клиникалық түрі сиырлардың 50% -ында, 6-10%, субклиникалық, асимптоматикалық жағдайда байқалады.

Ауру малдың денсаулығына зиян келтіреді және сүт өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Сиырдың денсаулығы нашар болса, фермер үлкен шығынға ұшырайды.

Аналардың парезі лактацияның алғашқы аптасында төлдейтін сиырларға әсер етеді. Егер қандағы кальций деңгейі төмен болса (<8,0 миллилитр децилитр), сиырда келесі белгілер пайда болады:

  • Кетоз;
  • Дене қызуының көтерілуі;
  • Мастит;
  • Қағанақтың шықпауы;
  • Ұлтабардың қозғалуп кетуі;
  • Жатырдың инволюциясының кешігуі;
  • Метрит;
  • Тәбеттің болмауы;
  • Сүттің төмендеуі.

Төлдегеннен кейін азықтандыруды өзгерту

Сиырда әрқашан жылы ауыз су болуы тиіс. Ол күніне 38-57 литр су ішуі керек. Азықтану құрамында жоңышқа немесе жаңа шөп (күніне 2,2 -4,5 кг) болуы керек.

Сиырдың жайлылығын қамтамасыз ету

Сиырды төлдегеннен кейін, ұстайтын жерді ылғал мен суықтан қорғау керек. Бұл сенімді баспана болуы керек, онда ылғал мен шөгуге орын жоқ. Әйтпесе, мал ауруларға шалдығады. Ескі төсемені жаңасымен ауыстырып отыру керек. Қорада саңырауқұлақтар мен инфекцияны алдын алу үшін көң үнемі тазаланады.

Инфекция сиыр тұрған кашаға кірмеуі керек. Сондықтан, оның алдына ағаш жоңқаларымен зарарсыздандырғыш орналасқан қорапты қою керек. Толық зарарсыздандыру айына кемінде бір рет жасалады. Қашадағы оңдайлы температура (ені – 76-91 см) 8-10 ° C құрайды. Егер ол төмен болса, мал азықтан алынған қуатты жылынуға жұмсайды; егер ол жоғары болса, ыстықтан мазасы кетеді. Екеуі де сауынға бірдей жаман әсерін тигізеді.

Сиырлардың бейімделу кезеңінің ұзақтығы (мысалы, оны басқа топпқа қосса) 2-3 апта. Тайыншалардың әлеуметтік күйзелісін азайтады. Төлдеген сиырды басқалардан алшақ ұстау дұрыс емес.

Асқазан саулығын қорғау және ацидоздың алдын алу

Сиыр төлдегеннен кейін, бес күн ішінде жоңышқа немесе шөпті жеткілікті мөлшерде алуы керек. Ерте лактация кезінде сиырға асқазан жақсы сіңетін өсімдік жасұнығы көп берілуі керек (31-ден 35% -ға дейін). Күні бойы сиырға қажет мөлшерде жем беріледі. Ол әрқашан суға еркін қол жетімді болуы керек. Салмақты азайту немесе қосу үшін, азықтануды таңдағанда, ацидозға әкелетін жемшөпті әрдайым алып тастауыңыз керек.

Зат алмасуы бұзылған немесе денсаулығы нашар сиырларды анықтау

Егер бір сиырға сүт безгегі, кетоз немесе мастит диагнозы қойылған болса, олардың қайтадан кездесуі ықтимал. Сондықтан мұндай жануарларды мұқият қадағалап, азықтанудағы аздаған өзгерістерді болдырмауға және, денсаулығына байланысты ақауларды асқынбай кеткенше анықтауға болады.

Егер сиыр қос ұрпақты әкелсе, оны жоспардан 7-10 күн бұрын суалған топқа ауыстырады.

.

BCS бағасы

Төлдегенге дейін және одан кейін сиырдың семіздігін бағалаңыз. Сиырлардың семіздігінің қалыпты мөлшері – 4,0-5,0 ұпай. Егер сиырдың семіздігі 3 ұпайға бағаланса, оның ұрықтылығы мен сүт өндірісінің шарықтау шегі болғанда, 7 ұпай семіздікке жету үшін ол шамамен 180 кг жинауы керек еді. Үлкен салмақпен сиыр өсіру қиын, кетоз бен майлы бауыр ауруларының қаупі жоғары.

Қоректік заттарды байыту

Фермерлерде жемшөп қоспаларына қарама-қайшы көзқарас бар. Кейбіреулер оларды пайдалы деп, ал басқалары зиянды деп санайды. Ғалымдардың айтуынша, жемшөп қоспаларын сатып алу құны өтеледі, өйткені ионофорлардың арқасында глюкозаның болуы артады; холин мен метиониннің арқасында олар асқазан денсаулығы мен бауыр функциясын қолдайды; аминқышқылдарының арқасында сиыр ақуызды артық қабылдамайды; ашытқы арқасында асқазанның ішіндегі ашыту процесі жақсарады; Қосымша қорғалған майлардың арқасында қуат шығыны артады.

Азықтануға пайдасыз қоректендіруден бас тарту

Сиырлардың рационының құрамында көгеру, жабайы ашытқы және асқазандарында нашар қорытылатын компоненттер бар азық болмауы керек. Азықтағы көгерудің салдарынан сиыр аз жейді және жегеннің бәрі асқазанға аз сіңеді.

Азықтануды жеткілікті антиоксиданттармен байыту

Денедегі майдың көп мөлшері, ауаның нашарлығы және жарақаттану салдарынан сиыр ағзадағы қышқылдықтың жоғарылауына ұшырауы мүмкін. Бұл жануардың иммунитетін төмендеуіне әкеледі. Бұған жол бермеу үшін антиоксиданттарды азықтануға енгізу керек (мысалы, селен немесе Е дәрумені).


Татьяна Пушкарева

с автором можно связаться по адресу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу