Күріш егу науқаны жақындады

Новость на Казах-зерно:

Қызылорда облысының ірі ауылшаруашылық құрылымдарының барлығы дерлік бидай,мақсары,жоңышқа, арпа егу науқанын аяқтады. Ауылшаруашылық дақылдар үшін биылғы жылы 187,6 мың гектар белгілеу жоспарланған. Күріш-85,8, азықтық дақылдар-60,7, картоп,көкөністер,бақша дақылдары -17,2 мың гектар жерге егілмек, деп хабарлайды  «Казах-Зерно» ақпараттық агенттігінің меншікті тілшісі

-Биылғы егу науқанында біз 100 гектрдан бидай мен мақсары, 200 гектар жоңышқа егтік. Егістік алқаптарында үш бригада жұмыс жасады.Олардың бригадирлерін атап айтып кетсем, Әсет Әбуов, Қалдашбай Нұрмаханов, Сисенбек Құттыбаев.Барлық жұмысты жұмыла жасады, нәтижесінде егу науқанын уақытылы жасадық, дейді Жалағаш ауданы «Ер-Али» ЖШС директоры Әліби Бекжанов

Бүгінде «Ер-Али» ЖШС-нің техникалық паркі «Deutz-Fahr» фирмасының үш жаңа неміс тракторларымен толықты. Жыл басында Әліби Бекжанов Германияға  арнайы барып таңдап алған.Серіктестік жаңа техниканы  «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы алған.

Биылғы егістік науқанында, серіктестік күріш егуді сәуірдің 15-нен бастамақ. 1280 гектар жерге  күріштің 3 сұрыпы егіледі. Оның екеуі «Әйгерім», «Сыр сұлуы» жергілікті  жерде селекцияланған, біреу ресейлік «Лидер» сұрыпы. «Әйгерім» сұрыпы – «И.Жахаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғалымдары мен Жаңақорған ауданы «Агротехнология» ғылыми-өндірістік шаруа қожалығының мамандарының бірлескен жұмысы. «Сыр сұлуы» сұрыпын бұл аймақта алғаш рет егеді.Бұл сұрып, өнімділігі жоғарылығымен және жергілікті топырақ  климат жағдайларына бейімділігімен, сондай-ақ дән мөлдірлігі, көлемінің үлкендігі, дәннің ұзындығымен ерекшеленеді. Күріштің бұл сұрыпы белгілі кезеңдерде, сусыз да жақсы бейімделеді. Әліби Бекжановтың сөзінше,  егістік науқанына байланысты  облыстық әкімдікте өткен кездесуде, Жалағаш, Сырдария, Қармақшы аудандарында биыл суарушы су жеткілікті болады дейді.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасы мамандарының сөзінше, барлық су шаруашылығы нысандары күріш егу науқанына дайын.Гидротехникалық құрылғылар жөнделіп, арықтар тазаланды. Ауылшаруашылық техникасы 100 пайз дайын. Наурыз айында облысқа литры 174 теңгені құрайтын  4500 тонна жанармай келген. Сәуір мен мамыр айларында шамамен осындай көлем келеді деп күтілуде. Жалпы егістік науқанына 14 мың тонна жанар-жағармай қажет.  Олардың облысқа «Нефть-Транс Кызылорда» ЖШС мен «РК-Мунай» ЖШС жеткізеді.

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу