Көкшетауда еттің бағасы қымбаттап жатыр

Новость на Казах-зерно:

Көкшетау қаласының коммуналды базарында еттің бағасы тағы да қымбаттады. Маусымның ортасынан бастап сиырдың еті 1450 теңгеден саудаланады. Бұл мамырдың басында болған бағадан 100 теңгеге жоғары.жылқының бағасы да қымбаттап 1550 теңгені құрайды.

 «Кокшетау Өнімдері»  ЖШС директоры Руслан Умаровтың сөзінше, бағаның өсуіне бөлшектеп саудалайтындардың бағаны көтеруімен байланысты. Егер бағаны өсірмеген жағдайда, коммуналдық базарда ет өнімі жоқтың қасы болатын еді дейді. Жалпы базардағы жалға берілетін сауда орындарының 30% тікелей өндірушілердің сауда орындарымен толтыру жоспары қойылған болатын. Қазіргі кезде базардағы сауда орындарының 40% өндірушілерге жалға берліген. Осылайша нан-тоқаш өнімдері, сүт өнімдері мен жұмыртқаның бағасы бірқалыпты. Бағалардың өсуіне қарамастан, коммуналдық базардағы еттің бағалары қаладағы ең арзан болып келеді. Мәселен, орталық базардағы сиыр етінің бағасы 1550-1950 теңгенің аралығында, қойдың еті 1700 теңге, жылқының бағасы мүшесіне байланысты 2000-2200 теңгенің аралығында. Ал бір ай бұрын бешбармаққа керек еттің жиынтығын 1900 теңгеге алуға болатын еді. Тек тауықтың бағасы маусым айында бір қалыпты 800-950 теңгенің аралығында.


Саден Альмусаев


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу