Көкшетауда еттің бағасы көтеріліп жатыр

Новость на Казах-зерно:

Көкшетаудағы еттің ең төмен бағасы – коммуналдық базарда тіркелген, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілші.

Көкшетау қаласының орталық базарларында сиыр етінің 1 келісі үшін 1550 мен 1850 теңге аралығында. Жылқы етінің барлық түрлеріне деген баға – 1900 теңге. «Орталык базар» сөрелерінде қойылған қой етінің бағасы 1700 теңге.

Еттің төмен бағалары коммуналдық базарда тіркелген. Ол жерде сатушыларға жалға беру орындары мен бағаларды жергілікті әкімдік бекітеді. Сиыр етінің келісі 1400 теңге, жылқы еті – 1500 теңге, шошқа етінің келісі – 1400 теңге.

Мамыр айының ортасына дейіңн сиыр етінің келісі 1350 теңгеден сатылған. 50 теңгеге қымбаттауды, сатушылар сатып алатын бағаның қымбаттауымен байланыстырып отыр. Ал, сатып алатын бағаның қымбаттауына, жергілікті ет өнімінің көрші Қарағанды облысына әкетуі себеп екен.

Көкшетау базарында құс етінің үлкен таңдауы бар. Құс етінің келісі 770-860. Күркетауықтың еті қымбаттырақ, келісі 1300 теңге.

Көкшетауда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі жиі өтіп тұрады. Азық-түлік бағалары 15-20 пайызға төмен. Көкшетау қалалық әкімдігі кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Андрей Подгурскойдің сөзінше, жыл басынан бері 5 жәрмеңке өткен, жыл соңына дейін тағы 5-ін өткізу жоспарланған.


Саден Альмусаев


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу