Көкөністердің бағасы да сапасы да төмендеп жатыр

Новость на Казах-зерно:

Сәрсенбі – базар күні. Шымкенттің орталық базарында ине шаншар жер жоқ. Құлпынай мен өріктің иісі мұрынды жарып барады.

«КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісінің мәліметінше, өнімнің түрі де бағасы да әртүрлі. Жергілікті , кішкентай, дәмі ащылау құлпынайдың бағасы 400-600 тг бір келісі үшін, «Черный принц» сұрыпындағы үлкен, дәмді құлпынайдың бағасы – 1000 теңгеден арзан емес. Қызыл шиенің бағасы да осындай. Өріктің бағасы 400-600 теңгенің арасында сапасына қарай.

Сатып алушылардың сөзінше, ерте піскен жемістердің дәмі жоқ. Жаңбырдың көптігі әсер етті ме, әлде шаруалар тездетіп өнімду жинап сату үшін түрлі нәрселермен толтырады ма екен. Айтпақшы, базарлардағы сауданы шаруалардың өздері емес, алып-сатушылар айналысады. Олар өнімнің сапасына ешқандай кепілдік бермейді.

Қызанақтардың бағасы да төмендеген. Келісі 300-400 теңгенің аралығында. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде өткен аптада өзім осындай (350 теңге) бағаға алған едім. Үгіршіктермен бірге турап, қонақтардың алдына қойдым. Бірнішісін бірден жеп қойды, ал қызанақтарды тамаққа қосуға тура келді. Дәмі ащы жей алмайсың.

Бағаларға қайта оралсақ. Кәдінің келісі – 150 тг, баялды – 400-500 тг, қырыққабаттың бағасы екі есе төмен.  Картоптың келісі өлшеміне қарай 100-200 тг, осы дылғы басты пияз 100-200 тг. Аскөктің бір бумасы – 50 тг.

Ет тұтұнушыларына қиынырақ. Баға сол баяғыша шарықтап тұр. Ең арзан тауықтың қанатшалары 600 ден 800-ге дейін көтеріліп кеткен. Таңдаулы еттің бағасы 2500 тг дейін жетеді. Вегетарианец олу ғана қалды. Бірақ, өнімнің сапасы жақсы болса екен.


Рамзия Юнусова


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу