ІҚМ акцент қоюды доғару қажет

Новость на Казах-зерно:

ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігін Асылжан Мамытбеков басқарған кезден-ақ ірі қара мал өсіруге ден қойылған еді. Алайда, бұл ет жобасы қазақ халқының дәстүріне де, көшпелі халықтың мүмкіндіктерін де ешқандай қатысы жоқ. Әр уақытта бұл жерде жылқы өсірген және дәл осы   жағдай жаңа саланың пайда болу драйвері болуы мүмкін.

Тарихи деректерге сүйенсек, жүз жыл бұрын қарапайым қазақтың отбасында жылқы мен қой басы көп болған, ал сиыр бірең-сараң.Қыс уақытында басты қорек – жылқы, ал жазда – қой, – дейді «Казах-Зерно» АА меншікті тілшісі.

Танымал ғалым, Қазақ тамақтану академиясының Президенті, Төрегелді Шарманов , жылқы еті – тамақтануға арналған ең жақсы ет деп айтқан еді. Құрамында пайдалы заттар бар деді. Жылқы малы жыл бойы көк жайлауда, шөп жейтінін ескерсек, бұл ет түрі қауіпсіз екенін білеміз.

Сондай-ақ, академик Қазақстан жерлерінің 80% жылқы өсіруге жарамды екенін айтып отыр. Осылайша жылқы басын 3 млннан 50 млн ға дейін көтеруге болады дейді.

Жылқы өсіруді дамыту үшін екі кедергі бар.

Бірінші-криминалды. Бүгінде жылқы ұрлығы қызып тұр. Сондықтан, жылқы өсіруде, бұл факт үлкен кедергі болып отыр.

Екінші кедергі-жылдар бойы бар күштерін ІҚМ дамытуға жұмсап жатқан ҚР АШМ позициясы. Нәтижесінде, мемлекеттік қолдаудың үлкен бөлігі ет олигархтарының бизнестеріне жұмсалады. Мысалы: асыл тұқымды айғырды сатып алу үшін – 100 мың, асыл тұқымды қой үшін – 8 мың теңге көлеміндегі субсидия бөлінеді. Ал, торпақты алу үшін – 225 мың теңге қарастырылған.

Айтпақшы, бұл Қазақстан үшін дәстүрлі ет түрінің тағы бірі. Жылқы өсіруге қарағанда, қой бағу көп қаржыны талап етеді. Себебі жыл бойы оларды жайылымда ұстау мүмкін емес. Бұнымен қоса, су мәселесін де шешу қажет.

Дегенмен, қойдың экспорттағы болашағы үлкен. Иран, Қытай, Парсы шығанағындағы елдер тіпті Еуропа да қой етін сатып алуға дайын. Сату бағасы жоғары, сондықтан барлық шығындарды жабады. Мысалы: Дубай базарларында қазақстандық қой етінің бағасы – $350, ал Қазақстанда – $100.  2018 жылдың соңында, қой еті Қытай нарығына жол тартты. Қой етін сатудан түсетін пайда 17 млн нан он есе тіпті жиырма есеге көп болуы мүмкін.

Қазіргі кезде, ҚР АШМ басшысының ауысуы нәтижесінде басым бағыттар өзгеруі мүмкін. Егер жоғарыда айтылған мәселелер шешілсе, аз уақыттың ішінде жалқы мен қой басын көп есеге көбейтуге болады.

Бұл не бермек? Біріншіден, ет бағасы арзандайды. Мәселен, Моңғолияда ішкі нарықта жылқы еті 600 теңге тұрса, бізде баға 1600 теңгеден басталады. Бұған себеп – Моңғолияда жылқы басының көп болуы, шамамен 7 млн, ал ел тұрғындары 3 млн. Яғни бір адамға екі жылқыдан келеді. Ал, біздің елде бір жылқы алты адамға!

Қазақстандағы қой еті 550-600 теңгені құрайды. Ал, қой басын өсіру арқасында, бағаны төмендетуге болады. Қазіргі кезде ел тұрғындарына бір қойдан келеді, ал Моңғолияда бір адамға – 20 қойдан!

Жылқы өсірудің тағы бір артықшылығы – бие сүті оның сублимациясы мен порошок экспорты. Қазақстанның түпкір-түпкірінде бұл технологияны игеріп, дамытып жатқан мекемелер бар. Қытай мен Еуропа тарапынан қызығушылық байқалады.


Сергей Буянов


автормен байланысу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу