Үгіршіктің белгісімен

Новость на Казах-зерно:

«Дори-дори-помидори, сочный, мощный», «картошка аламыз, картошка», «зелень свежая, молодая зелень», – бұл «Евразия» СҮ маңындағы жәрмеңкенің көрінісі. Өмір сүрі деңгейіміздің төмендегеніне қанша шағымдансақ та, шет елдік саудагерлер үшін біздің нарық әлі де қызық.  

Сапасы жақсы, ал бағасы қол жетімді беларуссиялық ірімшік, май, шұжықтың қатарына армениялық қызыл шие, шырындар, көкөністер мен консервліер қосылды. Оларды енді сауда орындарымен қатар базарлардан да табуға болады. Жергілікті базарда қаптап тұрған көк туралы айтпаса да болады, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Осыдан кейін екі ойда қаласың. Бір жағынан шет елдік өнімнің барына әрі бағаның өсіп кетпейтініне риза боласың, (салыстырып көріңізші, алматылық құлпынайдың бағасы 2100 тг, бішкектікі одан арзан, жергілікті таңқурайдың бағасы келісіне 1700 тг, ал бішкектік өнімдікі 1300 тг), ал екінші жағынан азық-түлік қауіпсіздігі мен шет елге ағылып жатқан ақшаны ойлайсың.

Бұндай тауар айналымның біздің елге берері қандай және бұл кім үшін пайдалы – бұл сұрақтың жауабын тауып көреміз.

Бірақ, барлығы ойлағандай жаман емес, базар сөрелерінен өзіміздің өнімді де кездестіруге болады. Мәселен, Қосшыдан әкелінетін үгіршікке бәсекелес болатын өзбек тіпті сарыағаштық өнімдерді байқамадық. Бағасы арзан, әрі тасымалдауға көп қаржы кетпейді. Ал, басқа өнім түрлеріне келсек, баялдының бағасы 150-200 теңгеден 300-350 тг көтеріліп кетті, сәбіз бен қызылшаның бағасы келісіне 200 тг.

Шабдалының арзаны келісіне 500 тг, ал басқа жидектердің бағасы келісіне 1400 теңгеден кем түспейді.

Баялды – 350 тг/кг

Кәді – 300 тг/кг

Бұрыш: жартылай ащы – 150 тг/данасы; ласточка – 250 тг/кг; паприка қытайлық – 600 тг/3 дана.

Қырыққабат: ақбас – 120 тг/кг; түсті – 500 тг/кг; қызылқауданды– 500 тг/кг; пекинлдік – 200 тг/дана; брокколи – 1000 тг/кг.

сарымсақ – 100 тг/дана

Көк, байлам: ақжелек – 100 тг; аскөк – 100 тг; асжапырақ – 100 тг; жапырақты салат – 150 тг; салат айсберг – 350 тг/қаудан; қарамықша – 150 тг; күнзе – 150 тг; насыбайгүл – 200 тг; жұсай – 200 тг.

шалғам – 150 тг/байлам.

Таңқурай: бішкектік – 1300 тг/кг; алматылық – 1700 тг/кг.

Құлпынай: бішкектік – 1400 тг/кг; алматылық – 2100 тг/кг.

Қызыл қарақат – 1500 тг/кг.

Шабдалы: нектарин – 500 тг/кг; ақ нектарин Ташкенттік – 650 тг/кг; қызыл жапырақты Мәскеулік – 650 тг/кг; інжір – 1100 тг/кг.

 Балғын алма:  барабинка сұрпы  – 350 тг/кг; ақ алма – 350 тг/кг.

Алма: балды – 200 тг/кг; қара ханзада – 250 тг/кг; апорт – 250 тг/кг; золотой превосходный – 350 тг/кг; превосходный – 380 тг/кг.

Қызылша: ақ сабағымен – 600 тг/4 дана; келісіне – 200 тг.

Жас картоп – 140 тг/кг.

Сәбюіз: балғын сабағымен – 600 тг/6 дана; келісіне – 200 тг.

Шомыр: дайкон – 300 тг/кг; ақ – 250 тг/кг.

Басты пияз: қызыл – 500 тг/кг; ақ – 190 тг/кг.

Қараөрік: бір сұрыптан екінші сұрапқа көшкендер – 280 тг/кг; таңдаулы қара өрік – 400 тг/кг.

Қызанақ: алматылық жылыжайда өсірілген – 600 тг/кг; ташкенттік жылыжайда өсірілген – 700 тг/кг.

Қосшы ауылының үгіршігі – 230 тг/кг.

Қызыл шие: армяндық сары – 1500 тг/кг; бішкектік бычий глаз – 1300 тг/кг.

Алмұрт: конференция – 700 тг/кг; лесная красавица – 1000 тг/кг.

Қауын – 300 тг/кг.

Қарбыз – 140 тг/кг.

Жаңаарқалық қымыз – 1000 тг/1,5 л.


Наталья Журавлева


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу