ЕАЭО техникалық регламентының күшіне енуіне байланыста, қазақстандық шаруалардың қауіпсіздік нормаларына сай келмеген шикі сүтінің үлкен бөлігі қайта өңдеуге түсе алмауы мүмкін.
Нормативтердың күшіне енгеніне біраз болды, бірақ, Қазақстан нормаларды еңгізуді кейінге шегеру мүмкіндігін пайдаланған еді. 2020 жылдың қаңтарында, кейінге шегеру мерзімі аяқталады, сол уақыттан бастап сараптама нәтижесі сүттің құрамында антибиотиктер мен микрофлоралардың барын көрсетсе, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бұндай өнімді сүт зауыттарына жіберілмейді.
– Егер сараптамаға сүтті шелектпен әкелсе, оның құрамында не болуы мүмкін екенін елестете беріңіз, – деді «КазахЗерно.kz АА тілшісіне, Қазақстан сүт одағының директоры Владимир Кожевников айтты. Сондай-ақ, ол малдың еміне антибиотиктерді дұрыс қолданбау мәселесіне тоқталды. Нәтижесінде сүттің құрамында дәрі-дәрімек табылып жатады. Бұл адам ағзасына үлкен зиян келтіреді. Владимир Кожевниковтың сөзінше, малдарды емдеу қажет, бірақ оның ағзасыендағы антибиотиктердің ағзасынан кету уақытын да ескеру қажет.
Жыл сайын Қазақстанда 5 млн тонна шикі сүт дайындалады, қайта өңдеуге 1,5 млн тонна жіберіледі. Дегенмен, бұл көлемнің 700 мың тоннасы техникалық стандарттарға сай болмай қалуы мүмкін, – дейді Сүт одағының мамандары. Нәтижесінде сүт зауыттарына жіберілетін шикизат екі есе қысқармақ.
Осыған орай, қайта өңдеушілер, елімізде сапаны қатаң бақылайтын ірі сүт-тауар фермаларының дамуын қолдап отыр. ҚР АӨК еңбек өнімділігін 2,5 есеге ұлғайту тапсырмасы қойылған, ауыл шаруашылық министрлігі де бұл ойды қолдап отыр. Тіпті еліміздің сүт саласының дамуының 2027 жылға арналған кешенді даму жоспарын да әзірлеген.
Қарқынды дамып жатқан сүт фермасының бірі – Қарағанды облысы Нұра ауданында орналасқан. «Қарой» ЖШС-нің астық пен жемшөпт егуге арналған егістік алқаптары бар. Бұдан бөлек мал басын көбейту бойынша жұмыстар атқарылуда. Жылына серіктестік Теміртау қаласына қайта өңдеуге 300 мың тонна сүт жібереді. Әкелінетін сүттің сапасы жақсы, сондықтан литріне – 129 теңге төлейді, – дейді мамандар.
– Біз өзіміз сараптама жасамаймыз. Қайта өңдеушілерге тапсырамыз, олар зертханаларында тексеріс жасайды. Біздің сүт барлық жағынан да жақсы, майлылығы жағынан да құрамындағы ақуыз жағынан да қауіпсіздік жағынан да, – деді «Карой» ЖШС директоры Виктро Приб.
Жем мәселесі де маңыздылардың бірі. Сүттің майлылығымен мен сауын көлемі жыл мезгілі мен күтім жағдайына байланысты. Егер ірі қара жайылым жерде оттап, шөппен қоректенсе, оның беретін өнімі де қысқы уақыттан жақсы болады.
Әзірге «Карой» серіктестігіндегі ірі қара , қара шөппен қосымша жеммен қоректенеді. Биылғы маусымда монокорм өндіруді жоспарлап отыр. Яғни, жетілмеген арпаны, біркелкі болғанша ұсақтайды. Бұл қыс уақытында өте пайдалы азық түрі. Бірақ, әзірге бұндай әдісті жүзеге асыру үшін техника іздеуде.
– Шырынды азық рационда міндетті түрде болу қажет, олар сүттің өнімділігін көбейтеді, – дейді Виктор Приб.
Сүттің сапасын жақсартып көлемін арттырудың тағы бір амалы – ірі қараның өнімін өзгерту болып табылады. Әзірге фермадағы ірі қара асыл тұқымды емес, жергілікті. Бірақ, бірнеше жыл бұрын бұл мәселені шешу бойынша жұмыстар атқарыла бастады. Алғашында жасанды жол арқылы жасалса, биылғы жылы симментал тұқымды бұқаларды сатып алды. Қазақстандағы климатта дәл осы тұқымдағы ірі қара бейімделген. 3-4 жылдың ішінде шаруа қожалығы ірі қараның 70 пайызын асыл тұқымды етпек.
– Біздің көршілерде симментал тұқымындағы сиырлар бір сауғанда 15 литр сүт береді, жылына 5000 литр деген сөз. Біз бұндай көрсеткіштерге жетеміз, – деді Виктор Приб.
Сергей Буянов
автормен хабарласу:
[email protected]