Ет – бар!

Новость на Казах-зерно:

Ғаламтор желілерінің дамыған заманында, кез-келген ақпарат әп-сәтте тарап кетеді. Осы ретте бізге, қой етінің жетісеушілігі бар, кесірінен тұрғындар тауарды базар сөрелеріне қойылмай жатып, делдалдардан сатып алып жатыр деген мәлімет жетті. Келген ақпаратты анық-қанығына көз жеткізу үшін, Нұр-Сұлтан қаласының азық-түлік қауіпсіздігі қаншалықты сақталғанын тексермек болдық.

Эксперимент өткізу үшін «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі «Евразия» СО таңдап алды. Бұл орта категоряидағы базар – бағалары орташа. Олай болса, эксперимент басталды сағат 14.00 жексенбі, 26 мамыр.

– Қандай тапшылық туралы айтып тұрғаныңызды білмеймін. Бізде ет үнемі бар, қой еті де бар. Күннің соңында тауар түрі азаяды, бірақ, өзіңіз көріп тұрғандай кез-келген тұтұнушының талғамынан шыға алатындай өніміміз бар,- дейді Фатима есімді қатысушы.

Шыныменде сөрелерде қой етінің түр-түрі бар: шабылған алдынғы аяқтар – 1500 тг/кг; тұтас аяқ – 2000 тг/кг; төстік – 2100 тг/кг; кішкентай қабырғалар – 2100 тг/кг.

Қой етінен басқа өнім түріне де тоқтала кетсек: сиыр етінің сүбесі – 2500 тг/кг, басқа мүшелері сүйегімен бірге – 2100 тг/кг. Ұсақталып шабылған тауықтың келісі 900–1100 теңге, шошқа етінің келісі – 1500–1700 теңге. Ең қымбат ет әрине де жылқы еті: қазы мен жаяның келісі – 2800 тг, тұтас еттің бөліктерінің келісі – 2500–2800 теңге көлемінде.

Бір қуантары көкністердің бағасы төмендеп жатыр. Мәселен: бір байлам шалғам – 250 тг; бөліп өлшеу – 350 тг. Сарыағаштық қызанақтар – 430 тг; made in Turkmenistan – 450 тг; Ташкенттік – 500-700 тг. Аскөк, ақжелен – 100 тг/бір байлам. Баялды – 800 тг/кг. Тәтті бұрыш – 700–900 тг/кг.

Қызылша мен сәбіз: жаңа піскен  – 200 тг; бөліп өлшеу – 250 тг/кг.

Жас картоп – 120 тг/кг.

Құлпынайдың бағасы келісіне 2000 теңгеден –1000-1200 теңгеге дейін төмендеді. Бағаның төмендеуі сатушылардың күрт көбейіп кетуімен байланысты. Егер дәмі тәтті иісі жағымды құлпынайды қаласаңыз Қырғызстандық өнімге назар аударғаныңыз жөн.


Наталья Корецкая


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу