Егіс науқаны мәреге жетуде

Еліміздің негізгі астық егетін аймақтарының бірі – Қостанай облысында егіс науқаны аяқталып келеді, деп хабарлайды «КазахЗерно.kz».

«Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінгі күнге дейін облыс диқандары егіс алқабының 90 пайызын егіп үлгерді. Ауыл шаруашылығы мамандарының айтуынша, биыл фермерлер 5 миллион гектарға жуық алқапта егін егуді жоспарлап отыр. Мемлекет қолдауының арқасында шаруалардың көптеген проблемалары шешілді, кірістер жылдан–жылға өсуде», – деп атап өтті өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мәселен, биыл Қостанай облысында өсімдік шаруашылығына 11 миллиард теңге, мал шаруашылығын дамытуға 6 миллиард 300 миллион теңге, мемлекеттік қолдаудың басқа тетіктерін пайдалануға 13 миллиард 900 миллион теңге бөлінді.

Тобыл өңірі көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 71 мың тонна жеңілдетілген дизель отынын алды. Барлық материалдық–техникалық және қаржылық мүмкіндіктер себу науқанын оңтайлы уақытта өткізуге бағытталды.

Биылғы жылы дала жұмыстарына 25 мың 600 трактор, жоғары өнімді 1100 тұқым себу кешені, 22 мың тұқым сепкіш тартылды. Жалпы алғанда, тұқымдардың 80 пайыздан астамы сапалы тұқымдар. Бұл бидайдың сапасын жақсартады дейді тәжірибелі фермерлер.

Татьяна Злая

Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу