Диқандардың күту позициясына көшуі ет бағасының қымбаттауына әкеліп соқты

Новость на Казах-зерно:

Ауыл шаруашылық министрлігінен субсидиялау «ойынының ережелерін» күтіп жатқан Шымкенттік шаруалар ірі қараны союдан бас тартып отыр.

Кәсіпкерлер палатасы дабыл қағуда: диқандардың күту позициясына көшуі ет бағасының қымбаттауына әкеліп соқты, – дейді «КазахЗерно.kz» АА меншікті тілшісі.

Шымкенттік диқандар субсидиялауға еңгізілетін өзгерістерді күтуде. 2019 жылдың наурыз айында  ҚР ауыл шаруашылығы министрінің № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары бекітілсін»  бұйрығы шыққан болатын. Бірақ, қағидаларға бірнеше өзгерістер еңгізуді қажет етеді. Салдарынан субсидия ала-алмайтындықтарынан қорыққан шаруалар, малды союға әкелуді тоқтаты,

«Шымкентте мыңнан астам мал басы бар 4 ірі шаруашылық бар. Олар субсидия алуды күтіп отыр. Ірі қара семіріп союға дайын тұр. Бірақ олар нақты ережелердің шығуын күтіп жүр. Күнделікті шығынға батып жатқандарына қарамастан.», – дейді Шымкент қ. КП директоры Данияр Дармен.

Сөзінше, диқандар ережелердегі өзгерістерді күткендеріне 2 айдан асты. Сондықтан қазіргі кезде Шымкент бойынша сойылатын мал тапшылығы сезіледі және тиісінше еттің бағасы көтеріліп кетті. Егер бұрын сиыр етініңі келісі 1500 тг болса, енді 2200-2300 теңгені құрайды, – дейді.

Туындаған мәселе жөнінде жедел түрде АШМ жеткізілгенін Данияр Дармен атап айтты. Қазіргі кезде шаруалар да, кәсіпкерлер палатасы да күту режимінде.


Ирина Притула


автормен хабарласу:
[email protected]


Rate article
КазахЗерно
Пікір үстеу